Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2026

ВОЛЕЙБОЛ

ВОЛЕЙБОЛ
2026 жылдың 13 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Волейбол: ұстаз бен шәкірт бір командада» атты волейбол турнирі өтті.
Аталған спорттық шараның басты мақсаты – ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымында достық қарым-қатынасты қалыптастыру болды.
Турнир барысында командалар өзара тартысты ойын көрсетіп, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын, командалық рухтарын паш етті. Ұстаз бен шәкірттің бір алаңда өнер көрсетуі жарысқа ерекше көңіл-күй сыйлап, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі әсер қалдырды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, марапатталды.
Мұндай игі шаралар мектеп өмірін жандандырып, бірлік пен өзара сыйластықты арттыра түседі.