Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2023

АУДАНДЫҚ АСЫҚ АТУ ТУРНИРІ

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын спорт түрі, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің де кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. 

🔹Елімізде осы бағытта республикалық «Төрт тоқсан — төрт өнер» мәдени-ағартушылық жобасы аясында халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өтуде. 

🔹2023 жылдың 30 қараша күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №93 жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық асық ату турнирі өтті. 

🔹Турнирдің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
Міндеттері:
– қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
– қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
– оқушыларды асық ойынына баулу.

🔹Турнирге асық ату ойындары бойынша үздік командалар жиналып, өзара бақ сынасты. Турнирге арнайы қонақ және әділқазы алқасы ретінде №3 Оқушылар үйінің директоры Е.Б.Ербошаев, бөлім меңгерушісі С.Л.Морозова, әдіскер А.Нұрсапа және Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Б.К.Тасмагамбетова қатысты. Білікті мамандар турнирге қатысушы балалардың ойынын әділ бағалап, аудандық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. 

🔹Турнир соңында қонақтар, әділқазы алқасы және қатысушылар жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмысы үшін №93 жалпы білім беретін мектеп директоры Тұрмахан Рита Тәжімқызына, мектеп әкімшілігі мен ұжымына шын жүректен ризашылығын білдірді. 

#Төрт_тоқсан_төрт_өнер
#Алматы_біртұтас_тәрбие_
#oqu_agartu_ministrligi
#edu.almaty
#gcnto_2023
#bostanbilim