Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қараша
2024

"ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ-2024" байқауы

ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ-2024
2024 жылдың 21 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Үздік жүргізуші - 2024» атты байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сахна мәдениетіне баулу, көпшілік алдында өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Аталмыш шараға барлығы 11 талапкер қатысып, 2 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау шарты бойынша қатысушының дауыс ырғағын көрсетуге мүмкіндік беретін көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез-келген танымал ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу шеберлігімен сынға түсті. Шешуші кезеңде арнайы жағдаяттық тапсырмаларды орындауда әр қатысушының шеберлігі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті мен сахнаны меңгеруіне ерекше көңіл бөлінді. Байқауға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Бүтінбаев, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғ. Мэлсұлы және ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Д. Омарова төрелік етті.
Төрешілердің әділ бағалауымен байқаудың талаптарынан сүрінбей өткен 6”Ә” сынып оқушысы Азиз Кәусар “Үздік жүргізуші- 2024”байқауының жеңімпазы атанып жүлделі І орынмен марапатталса, II орынмен 6”А” сынып оқушысы Демеш Алихан, III орынмен 10”Ә” сынып оқушысы Жағыпбар Темірлан, "Көрермен көзайымы" аталымымен 5”А” сынып оқушысы Канатбай Бердібек, "Көркем сөз шебері" аталымымен 7”Ә” сынып оқушысы Азиз Ансар марапатталды.
Ұйымдастырушы: А.С. Елубай.