Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қазан
2023

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Жыл сайын күзде сүйікті қаламыздың, айналаның тазалығын сақтау жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналған. Осы орайда мектеп ұжымы бүгін қала көлемінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысты. 

Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.

Сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Сондықтан мектеп қызметкерлері бұл іс-шараға белсенді түрде атсалысты.