Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ақпан
2023

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 ақпанында қала мектептерінің 10-11-сынып оқушылары үшін №61993 әскери қалашығында «Ашық есік» күні өтті. 

Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру және әскери қызметтің қыр-сырымен, заманауи технологиялық жетістіктермен таныстыру. Аталған іс-шараға мектебіміздің 10-сынып оқушылары белсенді атсалысып, ерекше әсер алып қайтты.