26
мамыр
2023
МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ШЫН ЖҮРЕКТЕН РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!
Мектеп асханасының ұжымы — жас бүлдіршіндеріміз үшін, ұстаздар қауымы мен сүйікті шәкірттеріміз үшін сапалы, таза, дәмді ас мәзірін ұсынып, адал қызмет етіп келе жатқан үлгілі ұжым. Асхана меңгерушісі Хасанова Мария Нуховна мен асхана қызметкерлері мектебіміздің қоғамдық өміріне де ерекше ынта-ықыласпен атсалысып, көптеген ізгілікті істің ұйытқысы болды.
Дана халқымыз: «Қонақ келсе — құт» - деген нақыл сөзді ұрпақтан-ұрпаққа аманат еткен. Қазақ халқы әрбір қонақтың көңіліне қарап, айрықша ілтипат пен ізет көрсеткен. Мектеп асханасының қызметкерлері қазақ халқының осы бір игі дәстүрін дәріптеп, қонақжайлықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Түркия Республикасы мен Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан арнайы келген делегацияның, соғыс ардагерлері мен аудан басшыларының шынайы ризашылығы — сөзіміздің айқын айғағы. Сонымен қатар, асхана меңгерушісі Хасанова Мария Нуховна қасиетті Рамазан айында көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, алғысқа бөленді.
Ризашылық білдіру, алғыс айту — мәдениеттілік пен адамгершіліктің ең бір асыл көрінісі. Сондықтан асхана меңгерушісі Хасанова Мария Нуховна мен асхана қызметкерлерінің отбасына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, мектеп ұжымы атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!