Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2023

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДЕБАТ ТУРНИРІ

25 қазан Республика күні мерекесіне орай мектебімізде 2023 жылдың 18 қазан күні дебат клубының жетекшісі Дәулетбаева Аршат Шарапатқызының ұйымдастыруымен мектепішілік дебат турнирі өтті. 

Дебат турнирінің мақсаты — отаншылдыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді және қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелері бойынша сөз таластыруды дамыту.

Патриотизмді қалыптастырудың өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, Қазақстан азаматтары үшін тәуелсіз мемлекет мәртебесінің маңыздылығы талқыланды.  

Қатысушылар өздерінің көзқарастарын белсенді түрде дәлелдеді, сұрақтар қойды және мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Турнирдің барлық қатысушылары болашақ өміріне қажетті практикалық тәжірибе және жағымды әсер алды.