Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2023

I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

2023 жылдың 4-6 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Білім — тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» атты республикалық білім саласы мамандарының съезі өтті. Съезге Алматы қаласы білім саласының үздіктері қатарында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтеген Бекет Үсенбекұлы да шақырту алып, қатысты. 
Съезд аясында ұстаздар Астана қаласындағы Оқушылардың инновациялық орталығында, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM инновациялық мектебінде, Астана қаласы бойынша алғаш рет ашылып отырған заманауи SANA шығармашылық орталығында қонақта болды. Орталық жұмысының негізгі мақсат-міндеттері, бағыттары және инновациялық әлеуеті туралы мол мәлімет алды. Сонымен қатар, «Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасы Еламан Айбулдиновпен кездесті. 
Республикалық съездің алғашқы күні ұстаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен бірге Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрында «Шәмші» қойылымын тамашалады. 
5 қазан күні ұстаздар қауымы «Қазмедиа» орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Қ.Тоқаев отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақ­тай отырып, бір орында тұрып қал­май, әрдайым даму жолын­да болу керектігін атап өтті. Пре­зи­­дент­тің айтуынша, бәсекеге қа­бі­летті балаларды қалыптас­ты­ру­да басты үміт мұғалімдерге арты­ла­­ды. Педа­гог­тардың, әл­бет­те  ата-ана­лардың да міндеті – елі­міз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу.
Ұстаздар күні мерекесіне орай еліміздің бас қаласы Астанада өткен алқалы жиын ұстаздар қауымының көңіліне қуаныш сыйлап, жаңа белестерді бағындыруға серпін берді. 
Республика көлемінде үздік ұстаздардың басын қосқан съезге қатысуымызға мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен Оқу-ағарту министрлігіне және Алматы қаласының Білім басқармасына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!