Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қыркүйек
2023

«ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ» тақырыбындағы СЫНЫП САҒАТТАРЫ

2023 жылдың 12 қыркүйек күні мектебімізде Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасым — бақыт мекенім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

Сынып сағатының мақсаты — отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы екендігін ұғындыру.

Сынып сағаты барысында оқушылар отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылап, отбасы туралы білімдерін кеңейтті. Отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтап, тұлға қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы ойларымен бөлісті. 

Мектебімізде өткен шарада оқушыларға отбасы құндылықтары түсіндіріліп, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуына көңіл бөлінді. Мектеп ұстаздары бұл шара ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға зор ықпал ететінін атап көрсетті.