Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қаңтар
2023

«ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

Қазіргі таңда мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын жиналыс, тренингтердің маңызы орасан зор. 

Осыған байланысты мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі Молдаханова Гүлайым Ысқаққызы 3 «Ә» сынып ата-аналарымен «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында жаңа форматтағы жиналыс өткізді. 

Мақсаты — баланың дамуы, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ата-аналармен өзара ықпалдаса отырып, тиімді қарым-қатынас қалыптастыру. 

Ата-аналар жиналысында бала мен ата-ана арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынас құруға байланысты жағдаяттар беріліп, постерлер қорғалды. Сонымен қатар, психологиялық жаттығулар мен тренинг ұйымдастырылды.