Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ақпан
2023

«ОҚЫРМАН ЛЕНТАСЫ» АКЦИЯСЫ

2023 жылдың 24 ақпанында мектеп кітапханасының меңгерушісі Шарипова Гүлшат Сабырқызының ұйымдастыруымен кітапханада «Оқырман лентасы» акциясы өтті. 

«Оқырман лентасы» акциясының негізгі мақсаты — оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. 

Іс-шарада әрбір оқырман «Білім ағашына» сүйікті шығармаларының жанрлық және идеялық ерекшеліктеріне орай түрлі түсті ленталар байлады.