Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2023

ТҮЛЕКТЕРІМІЗ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мектебіміздің 11-сынып оқушылары кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында 8-9 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Физико-техникалық факультетінде өткізілген ашық есік күніне қатысты. 

Түлектеріміз арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес Нанотехнологиялық лабораторияның, «Huawei» ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының, Samsung академиясының, Криофизика және криотехнология орталығының, Ғылыми кітапхананың және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмыс барысымен танысты.