Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2023

«БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!» тақырыбындағы АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Ғазымова Айнара Мұратжанқызы 
2 «Ә» сыныбының ата-аналарымен «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық!» тақырыбында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізді. 

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. 

Жиналыста мектеппен қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту бойынша керек кеңестер беріліп, түрлі ойын, жаттығулар ұйымдастырылды.