Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қараша
2022

«ҒАЛАМТОРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбындағы ТРЕНИНГ САБАҚ

2022 жылдың 18 қараша күні мектебіміздің педагог-психологы Базарымбетова Гүлжаһан Еденбайқызы оқушылармен «Ғаламторға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. 

Тренинг сабақтың мақсаты — балалардың ғаламторға деген тәуелділігінің алдын алу, өз уақытын тиімді басқару бойынша пайдалы кейстер беру, ғаламтордың пайдасы мен зиянын саралау. 

Тренинг сабақта оқушылар ақпараттық дәуірдің ерекшеліктері, ғаламтордың мүмкіндіктері мен адам денсаулығына кері әсері және т.б. мәселелер төңірегінде мәліметтер алып, өзара ой бөлісті.