Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2022

«LESSON STUDY ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР» тақырыбындағы семинар

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 қараша күні математика пәнінің мұғалімі Қуанышбай Мұхаммедзаңғар Маратұлы педагогикалық ұжыммен «Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың мақсаты — мектептегі, сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімділерін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. 

Семинар барысында Lesson Study-ды жүргізу жолдары: жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыру т.б. мәселелер талданып, қарастырылды.