Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ПЕДАГОГТАРДЫ ҚОЛДАУ — БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ТӘСІЛІ» тақырыбындағы вебинар
01
қараша
2022

«ПЕДАГОГТАРДЫ ҚОЛДАУ — БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ТӘСІЛІ» тақырыбындағы вебинар

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Донгабакова Алтын Қаһарманқызы педагогикалық ұжыммен «Педагогтарды қолдау — біліктілікті арттыру тәсілі» тақырыбында вебинар өткізді. 

Вебинардың мақсаты — педагогтардың кәсіби дамуы және біліктілік арттыру жүйесінде педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерттеушілер мен тәжірибелі ұстаздардың пікірлерін ескеріп, өзара ой бөлісу. 

Вебинар барысында мұғалімдер үшін талқылауға мынадай мәселелер ұсынылды: 
1. ҚР педагогтары біліктілігін арттыру жүйесінің даму келешегі мен үрдістері.
2. Педагогтың кәсіби құзіреттілігін біліктілікті арттыру жүйесінде дамыту жолдары. 
3. Педагогтың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы.
4. Педагогтардың біліктілігін арттырудағы инновациялық технологиялар мен әдістер.

Мектеп ұстаздары өзара топқа бөлініп, ұсынылған тақырыптар бойынша өзіндік тұжырымдарын ортаға салды. Вебинар соңында ұстаздар спикерге ерекше ізденісі үшін өз ризашылықтарын білдірді.