Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИО» тақырыбындағы семинар
04
қараша
2022

«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИО» тақырыбындағы семинар

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлықпан Альбина Ермекқызы педагогикалық ұжыммен «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің алғышарттары және электронды портфолио» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне қажетті алғышарттармен тереңірек таныстыру және электронды портфоли жасау қадамдарын үйрету. 

Семинар барысында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі оқыту сапасына әсер ететін негізгі көрсеткіш екендігі туралы тұжырым жасалды және мұғалімдердің кәсіби өсу бағытындағы іс-әрекеттеріне талдау жасалды.

Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп мұғалімдері спикерге өз сауалдарын қойып, кері байланыс орнатып отырды. Семинар соңында мұғалімдер ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастықтың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы маңызын ерекше атап өтіп, спикерге өз алғыстарын білдірді.