Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2022

ЕРЛІК САҒАТЫ

Биыл – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын иеленген ұшқыш-шабуылшы Талғат Бигелдиновтің дүниеге келгеніне 100 жыл. Даңқты ұшқыштың мерейтойына байланысты мектебімізде 18 қазан күні ЕРЛІК САҒАТЫ өтті. 

ЕРЛІК САҒАТЫНЫҢ мақсаты — Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтің ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін және үлгі-өнегесін жас ұрпақтың бойына сіңіру. 

Іс-шараға Алматы қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мансуров Казбек Владимирович, Ауған соғысының ардагері Байылқожа Дүйсенбаев, подполковник Чокин Ержан Санжарұлы, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, капитан Асанов Әділхан Талғатұлы, бөлім басшысы Сауытбекова Жанерке Рахатқызы қонақ ретінде атсалысты. 

Іс-шара барысында қонақтар қазақ халқының жауынгер ұлдары мен қыздарының ерлік істері туралы және ұшқыш батыр Талғат Бигелдиновтің соғыс жылдарындағы еңбектері жайлы әңгімелеп, жас буынды еліміздің патриоты болуға шақырды. Ал мектеп оқушылары қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. 

Сөз алған ардагер қонақтарымыз жастарды бейбіт өмірді бағалауға үндеді. Себебі бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек.