Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қазан
2022

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ

7 қазан күні мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Базильбекованың және кітапхана меңгерушісі Г.С.Шарипованың ұйымдастыруымен Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Мақсаты – ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, тәрбиелеу.

А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің оқушыларға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Дөңгелек үстелде ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбектері оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, талданды.