Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ақпан
2021

Өзін - өзі тану : Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы

Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру, сүйіспеншілік, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 1 ақпан күні мектебімізде «Мейірім төгетін ана» атты өзін-зі тану апталығының ашылу салтанаты қашықтық форматында өткізілді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы- оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйретеді. Сара Алпысқызы негізін қалаған рухани- адамгершілік құндылықтар оқушыларды жетілдіру арқылы болашаққа деген құштарлықтарын арттырып,өз күштерін айқындай білуге жетелейді. Ашылу салтанаты директордың апталыққа қатысушы оқушыларға арналған жылы тілегімен аяқталды. Апталықтың ашылу салтанатын пән мұғалімі Сайлау Ш.Ж. өткізді.