Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант
07
қыркүйек
2022

А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант

Мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы 7 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы». 

Диктанттың мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. 

Диктант 2022 жылғы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11:00-де (синхронды түрде) басталды.