Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2021

ЭКОЛОГИЯ

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН 
СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ

Жас буынның табиғатқа, қоршаған ортаға, өзінің өмір сүру ортасына құрмет сезімін қалыптастыру, дамыту мақсатында мектебімізде экология тақырыбына арналған сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында балалар аталған тақырыпта арнайы дайындалған экологиялық викторина-ойынының тапсырмаларын орындап, «Экологиялық бағдаршамның» сұрақтарына жауап берді, ойжұмбақ, кроссворд шешті, мақал-мәтелдерді тауып, экологиялық мәселелер жөніндегі баяндамаларымен сөз сөйледі. Оқушылар «Табиғат-Ананы сақтайық!» деген ұранмен әлеуметтік желі оқырмандарына үндеу жасап, ой қосты, өзіндік ой, пікірлерін жариялады. Сонымен қатар, «Табиғат және адам» атты арнайы бағдарламаға шолу жасады.