Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
мамыр
2022

⚜️ МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ ШАЛВА АМОНАШВИЛИДІҢ АРНАЙЫ ДӘРІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 14-мамыр күні Алматы қаласында «Ата-ана — ұлттың ұясы» тақырыбында ауқымда форум өтті.

Қала мектептерінің педагогтары мен ата-аналардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің басын қосқан форумға арнайы қонақ ретінде белгілі педагог-психолог Шалва Александрович Амонашвили шақырылды.

Шалва Амонашвили — баланың жеке басына деген ұқыптылық пен сыйластық принциптеріне негізделген гуманистік педагогиканың негізін қалаушы.

Қадірлі жасқа келгендігіне қарамастан, Шалва Александрович әлі де шығармашылықпен белсенді айналысып жүр, яғни, Украина, Балтық, ТМД елдері мен Ресей, Қазақстан мұғалімдеріне арнап, түрлі семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Студенттермен және аспиранттармен де бірге жұмыс істейді.

Ол әлем бойынша көптеген елдердегі бірнеше зертханалар мен орталықтардың, сонымен қатар, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің экспериментті мектептерінің ғылыми жетекшісі, Халықаралық адамгершілік педагогикасы орталығы мен Украинадағы Адамгершілік педагогикасы орталығын басқарады. Жыл сайын Мәскеуде өтетін Халықаралық педагогикалық оқулардың өткізілуіне басшылық жасайды.

Жиынға қатысқан мектеп ұстаздары гуманистік педагогиканың ұстанымдары мен қағидаларын зерделеп, сертификаттарға ие болды.