ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Бердібек Орынбек жазушы Кәдірбек Сегізбаев шығармалары жайында мазмұнды талқылау өткізді. Кездесу барысында оқушылар жазушының шығармаларымен танысып, туындыларындағы тәрбиелік мән, адамгершілік қасиеттер мен өмірлік ұстанымдар туралы ой бөлісті. Шара жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.