ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
№93 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына экскурсияға барып қайтты. Оқушылар құтқарушылардың жауапты қызметімен танысып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы маңызды мәліметтер алды. Экскурсия барысында арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көріп, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болды. Бұл сапар оқушылар үшін өте қызықты әрі танымдық болды. Экскурсия барысында Бостандық ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғаныс аға