SMART BALA
2026 жылдың 21 қаңтар күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Smart bala» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында шебер класс ұйымдастырылды. 6 «Ә» сынып оқушысы Бакытов Алихан өзінің ойлап тапқан «Көпсалалы компьютер» туындысын ұсынды. Құрылғы арқылы: - бөлме температурасын тексеруге; - түрлі ойындар ойнауға; - Power Point презентациясын көруге болады. Алдағы уақытта дарынды шәкіртімізге шығармашылық ізденістер мен табыстар тілейміз! Жоба жетекшісі: Ә.Ж. Қалназар