БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Оқушылардың денсаулығын қорғау және сапалы, қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде бракераж комиссиясының жоспарлы жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Комиссия мүшелері әр айдың басында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын, тағам өнімдерінің сапасын, дайын тағамдардың сақталу мерзімі мен талаптарға сәйкестігін мұқият тексереді. Тексеру барысында асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сай болуы