Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы
Желтоқсан айының 12-күні №93 жалпы білім беретін мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Мектепте оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.