Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
желтоқсан
2024

Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы


«№93 ЖББ» мектебінде мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері  кезекті тексеру жұмыстарын желтоқсан айының 5-і күні жүргізді. Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері асхана жұмысын тексере отырып, мына төмендегі жұмыстарды  тексеріп, бақылады. Тексеріс асхана залының жалпы тазалығын және оқушылардың қол жуатын орнын басталды. Асхананың іші таза. Сонымен қатар, асхананың ішкі бөлігі саналатын көкөніс сақтау, ет-сүт өнімдерін, су, ұн сақтайтын бөлмелер мен тоңазытқыштар түгелдей тексерілді. Аталған азық-түлік өнімдері талапқа сай, сертификаттары бар екендігі анықталды. Асхананың тамақ жасауға арналған плиталар мен ыдыстардың және ыдыс жууға арналған арнайы бөлменің де тазалағы тексерілді. 
 Асхана  қызметкерлерінің жеке медицианалық кітапшалары бар. Тамақ жасауға пайдаланатын заттарды алып келетін фирмалармен жасалған келісімшарттардың бар екендігі де тексерілді. Асханадағы тағамдардың бағалары нақтыланып көрсетілген. Комиссия мүшелері асхана жұмысын өз деңгейінде жүргізіліп жатқандығын тексерді.