Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ақпан
2026

ҚАЛАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ҚАЛАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2026 жылдың 4 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақтың «Қара майоры» Борис Төкенұлы Керімбаевтың өмір жолы мен ерлігіне арналған қалалық дөңгелек үстел өтті.
Борис Төкенұлы Керімбаев — КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі, 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысының қатысушысы, әскери ерлігімен танылған тарихи тұлға. Шара барысында қатысушылар батырдың өнегелі өмірі, әскери қызметтің маңызы және Отан қорғау жауапкершілігі туралы тағылымды пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – білім алушылардың мемлекетті қорғау негіздері туралы түсінігін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі мен маңызын таныстыру, әскери қызметтің әр азаматтың қасиетті парызы екенін ұғындыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизм мен Отанға деген адалдық сезімін дарыту.