Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
07
қараша
2024
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Ағымдағы жылдың 7 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 10,11-сыныптарға “Нархоз” университетінің оқытушысы мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар сауалнама толтырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
“МЕНІҢ БАУЫРЫМ” ЖОБАСЫ
04
қараша
2024
“МЕНІҢ БАУЫРЫМ” ЖОБАСЫ
“Менің бауырым” еріктілер жобасы Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №93 жалпы білім беретін мектебінде жүзеге асырылуда.
МЕКТЕП ФОРМАСЫ
04
қараша
2024
МЕКТЕП ФОРМАСЫ
“№93 жалпы білім беретін мектебі” КММ “Өзін-өзі басқару” ұйымы оқу жылының 2-тоқсанына сәттілік тілейді! Осы орайда барлық оқушыларды мектеп формасы мен мектеп ережесін сақтауға шақырады!
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
28
қазан
2024
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
Күзгі каникул бастала салысымен “№93 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің 4”Ә” сынып ҚР Орталық мемлекеттік мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. Танымдық шарада оқушылар мұражай қорындағы экспонаттарымен танысты. Соңында мұражай тынысымен толықтай танысқан сынып оқушылары мәдени мекеменің әкімшілігіне осындай пайдалы экскурсия үшін өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.  Сынып жетекшісі: Иманбекова Қ.Ж.
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
18
қазан
2024
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
Бүгін мектебіміздің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп президенттігіне үміткер оқушылар өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын айқындайтын бағдарламасын қоса ұсынды.  Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады: өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Мектеп Парламентінің отырысында ең көп дауыс жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы Болатова Малика