Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰСТАЗДАР КҮНІ
03
қазан
2025
ҰСТАЗДАР КҮНІ
2025 жылдың 3 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып түлектерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті.  Мерекелік шара барысында ұстаздарға деген алғыс пен құрмет сөздері айтылып, оқушылардың өнерлі де шабытты орындауларымен әсем әндер мен көңілді билер тарту етілді.  Бұл кеш ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектеп ұжымын бірлік пен жылы ықыласқа бөледі.
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА
02
қазан
2025
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА
Білімнің шамшырағы, ұрпақтың жолбасшысы болған барлық ұстаздарға алғысымыз шексіз! “Алматы” телеарнасының журналисті Көлжігіт Аяулым Темірханқызы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. “Ұстаз – мәңгілік мамандық. Сіздердің еңбектеріңіз – ел ертеңіне салынған берік іргетас. Ұстаздар күні құтты болсын!” Ұстаздарға құрмет – ұлтқа қызмет!
ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
01
қазан
2025
ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
2025 жылғы 1 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектепте қалалық сейсможаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз-өзін және өзгелерді қорғау дағдыларын жетілдіру. Шараға арнайы қонақтар қатысты: Алматы қаласы әкімдігі жанындағы аумақтық азаматтық қорғау бойынша мобилизациялық дайындық басқармасының бастығы – Рыскулбек Аскар Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан – Оспанов Куаныш Муратулы Бостандық ауданының ТЖ
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
29
қыркүйек
2025
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
2025 жылдың 29 қыркүйек күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Н.Б. Ордабек және  Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты С.Н. Ешенгалиевпен бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
29
қыркүйек
2025
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
2025 жылдың 29 қыркүйек күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Н.Б. Ордабек және  Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты С.Н. Ешенгалиевпен бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
27
қыркүйек
2025
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
2025 жылдың 27 қыркүйек күні Қала күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.