Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
23
қазан
2025
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың қазан айында №93 жалпы білім беретін мектебінің қыз балаларына арналған “Ерте жүктіліктің алдын алу. Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы. Отбасын жоспарлау. ЖЖБИ-дің алдын алу. АИТВ-инфекциясының алдын алу. ЖИТС (СПИД)” тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шара қонақтарының қатарында №12 емханасының гинеколог мамандары болды.
КҮЗГІ АСАР
23
қазан
2025
КҮЗГІ АСАР
2025 жылдың 23 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында 8-10 сыныптар арасында «Күзгі Асар» шығармашылық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Күз сыйы (қолөнер жұмысы) 2. Күз келбеті (сурет байқауы) 3. Күз сәні (сән үлгісі) Қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып, жүлделі орындарды иеленді.
Республика күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде брендбук орнатылды.
22
қазан
2025
Республика күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде брендбук
Республика күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде брендбук орнатылды. Жаңа брендбук – мектептің айқын бейнесін қалыптастырып, оқу ордамыздың заманауи келбетін айшықтайды. Бұл бастама — мектеп мәдениетін дамыту мен оқушылардың ұйымшылдығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
КҮЗГІ КАНИКУЛ УАҚЫТЫ
20
қазан
2025
КҮЗГІ КАНИКУЛ УАҚЫТЫ
Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!
Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» акциясы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінің жас ұстаздары мен 11-сынып оқушылары елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухтағы «Атамекен» әнін орындады. Бұл шара жас ұрпақтың Отанға деген құрметі мен ел болашағына сенімін арттыруды мақсат етті.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
20
қазан
2025
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 20 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 11 «А» сыныбында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Д.Ш.Қалназарова