Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АУДАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ
31
қазан
2024
АУДАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ
2024 жылдың 31 қазан күні күзгі демалысты тиімді ұйымдастыруда аудан мектептері мұғалімдері арасында волейбол спорттық сайысы өтті. Мақсаты: ұрпаққа саналы тәрбие беретін ұстаздарды дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұстаздар арасында волейбол ойынын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Нәтижесінде “№93 жалпы білім беретін мектебі” КММ жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
«МАМАНДЫҚ БАР - ОТАНДЫ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ЕРЛІК САБАҒЫ
24
қазан
2024
«МАМАНДЫҚ БАР - ОТАНДЫ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ЕРЛІК САБАҒЫ
2024 жылдың 24 қазанында Алматы қаласы Бостандық ауданы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мен әскери–патриоттық тәрбие бағытының 2024-2025 жылға арналған негізгі іс–шаралар жоспары бойынша Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Халық Қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Алия Молдағүлованың 100 жылдық мерейтойына арналған және Қазақстан Республикасы күніне арналған «МАМАНДЫҚ БАР - ОТАНДЫ ҚОРҒАУ» тақырыбындағы мерекелік ерлік сабағы өтті. Аталған шарада № 93
“МҰҒАЛІМ-2024” СПАРТАКИАДАСЫ
24
қазан
2024
“МҰҒАЛІМ-2024” СПАРТАКИАДАСЫ
Алматы қаласы Білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы “Мұғалім-2024” спартакиадасында волейбол ерлер арасында ІІ орынға ие болған Қасқарауов Ершат Мұратбекұлы марапатталды. Әріптесімізді құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
24
қазан
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Аудандық оқушылар арасында ұйымдастырылған “Бақытты жанұялар қаласы” сурет шығармашылығы байқауында ІІІ орын иеленгені үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Туленбай Аружан марапатталды.  Жетекшісі: Шернияз Т.Н. Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!
“Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
18
қазан
2024
“Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасынан “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  2024 жылдын 10 қазан күні жалпы білім беретін мектептің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында “Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңін өткізді. Нәтижесінде: «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясында сөздің көркемдігін жеткізу қабілетімен, тапқырлығымен  сайыстан 1 орынды 11 “А” сынып оқушысы Майдан Таңсұлу иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
АСЫҚ АТУ ЖАРЫСЫ
18
қазан
2024
АСЫҚ АТУ ЖАРЫСЫ
Халықаралық Қарттар күніне орай Алматы қаласының №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары арасында асық ату жарысында: - I орынмен Кабдешов Нұрбол; - II орынмен  Ходжалиев Азамат; - III орынмен Ақылбек Арыстанбек марапатталды.