“Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасынан “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2024 жылдын 10 қазан күні жалпы білім беретін мектептің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында “Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңін өткізді. Нәтижесінде: «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясында сөздің көркемдігін жеткізу қабілетімен, тапқырлығымен сайыстан 1 орынды 11 “А” сынып оқушысы Майдан Таңсұлу иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.