Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
25
қараша
2025
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
2025 жылдың 25 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Шарипбек Бахтияр Шарипбекұлымен бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі мектеп әкімшілігімен талқыланды.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
24
қараша
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
2025 жылдың 24 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында сынып сағаттары өтті.  Сынып жетекшісі: С.Д. Ташкенбаев
«Алматы – темекісіз қала» флешмобы
24
қараша
2025
«Алматы – темекісіз қала» флешмобы
№93 жалпы білім беретін мектебінде 8 «А» сыныбында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алматы – темекісіз қала» атты флешмоб өтті. Оқушылар зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, өз үлестерін қосты. Шара жас ұрпақтың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды. Сынып жетекшісі: А.С. Абсемет
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесіне қатыстық!
20
қараша
2025
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесіне қатыстық!
19–21 қараша күндері өткен дәстүрлі халықаралық көрмеге №93 жалпы білім беретін мектептің 9–11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар түрлі оқу орындары мен мамандықтар туралы кеңінен танысып, өз болашақ кәсібін таңдауға бағыт-бағдар алды. Бұл — балалардың кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды шаралардың бірі. Жауапты мұғалімдер: педагог-профориентолог Д.А. Данабек, математика пәні мұғалімі М.М. Қуанышбай. Өткізу орны: «Атакент» көрме орталығы
«Досболlike» бағдарламасы
19
қараша
2025
«Досболlike» бағдарламасы
2025 жылдың 17 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебі 2 «Ә» сыныбында «Досболlike» бағдарламасы аясында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: А.К. Алияскарова
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
19
қараша
2025
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сыныбында «Досболlike» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында «Достық» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушыларды бір-бірін сыйлауға, қолдауға, мейірімді болуға, позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға баулу. Балалар өз достарына жылы сөздер айтып, жағымды энергиямен бөлісті. Мектеп ішінде көтеріңкі көңіл-күй мен шынайы достық атмосферасы қалыптасты. Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова