ҰСТАЗДАР КҮНІ
2025 жылдың 3 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып түлектерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік шара барысында ұстаздарға деген алғыс пен құрмет сөздері айтылып, оқушылардың өнерлі де шабытты орындауларымен әсем әндер мен көңілді билер тарту етілді. Бұл кеш ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектеп ұжымын бірлік пен жылы ықыласқа бөледі.