Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
25
сәуір
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Бостандық аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, “Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі” бағыты бойынша 1-орын алғаны үшін мектебіміздің 11”А” сынып оқушысы Туленбай Аружан марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Шәкіртімізді құттықтай отыра, қалалық кезеңге сәттілік тілейміз! Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Омарова Ш. 3
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
24
сәуір
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
“WorldSkills Kazakhstan” стандарттары бойынша “JasSkills Almaty 2025” қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша қатысып, ІІ орын иеленген №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Матаева Ақмарал марапатталды.  Сынып жетекшісі: М.Т. Тоқташбай
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
23
сәуір
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері - Құмаш Нұрғалиев 100 жаста. Осыған орай мектеп кітапханасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға ұлтымыздың ардагер ұстазын таныстыру, патриоттық сезім ұялату.Қатысушылар: 3-сынып оқушыларыКітапханашы: Мәкіш Ж.А.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
23
сәуір
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
2025 жылдың 23 сәуір күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары METU колледжінің “Сенің таңдауың - сенің болашағың!” атты ашық есік күніне қатысты. Сынып жетекшісі: Д.Д. Омарова
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
22
сәуір
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
2025 жылдың 22 сәуір күні С.Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында өткен“Сәбит Мұқановтың шығармашылындағы қазақ ұлтының бейнесі” тақырыбындағы дөңгелек үстелге №93 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталас ұйымдастырды.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
22
сәуір
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Бостандық аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, «Зау тұлға» бағыты бойынша мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Еркінгалиқызы Инабад 2-орын иеленді.  Жетекшісі: Ж.А. Мәкіш