Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
мамыр
2025

ӘСКЕРИ ПАРАД

Бүгін, 2025 жылғы 7 мамырда, Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери парад өтті. Салтанатты шара «Қазақ елі» алаңында ұйымдастырылып, оған 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам заманауи әскери техника мен қару-жарақ, сондай-ақ 60-тан астам әуе кемесі қатысты .
Парадқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты . Шараны республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік болды .
Парад барысында көрермендер Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілерін, заманауи қару-жарақтарды және авиацияның мүмкіндіктерін тамашалады . Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысты .
Парадтан кейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылды . Бұл іс-шаралар Қазақстанның әскери қуатын көрсетіп қана қоймай, елдің тарихы мен батыр бабаларымыздың ерлігін еске алуға мүмкіндік берді.