Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖАРЫСЫ
23
қаңтар
2025
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖАРЫСЫ
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының көне әрі терең ойды талап ететін ұлттық зияткерлік ойыны. Бұл ойын тек қана уақыт өткізу құралы емес, ол логикалық ойлау, шыдамдылық пен стратегияны дамытатын бірегей мәдени мұра. Осы орайда 2025 жылдың 23 қаңтар күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №93 жалпы білім беретін мектебінде аудандық тоғызқұмалақ жарысы өтті.  Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды. Ең бастысы, әрбір қатысушы ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, рухани байып қайтты.
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
22
қаңтар
2025
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут” айдарына қатысушы 4”Ә” сынып оқушысы  Берістен Ардаби. “Өнегелі 15 минут” ата -аналардың баласымен әңгімелесуі, бірге үй шаруасын істеуі, адамгершілік, үлкенді сыйлау, көмектесу туралы 15 минуттық әңгіме жүргізуінің өзі балаға жақсы әсер береді. Сынып жетекшісі: Иманбекова Қ.Ж.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
22
қаңтар
2025
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
2025 жылдың 22 қаңтар күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде үзіліс уақытында тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. Жауапты: Ғ. Мэлсұлы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
22
қаңтар
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Алматы қаласы Білім басқармасынан “Ділмар” дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2025 жылдың 16 қаңтар күні жалпы білім беретін мектептің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында “Ділмар” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде шешендік сайысынан өз тапқырлығымен, шешендігімен 2 орын алған 11 “А” сынып оқушысы Майдан Таңсұлу марапатталды. Жетекшісі: Омарова Шырын Захарқызы Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!
СЫНЫП САҒАТЫ
20
қаңтар
2025
СЫНЫП САҒАТЫ
2025 жылдың 20 қаңтар күні №93 жалпы білім беретін мектебі 5”А” сыныбында “Буллигтен қорған!” тақырыбында сынып сағаты өтті.  Мақсаты: Буллинг туралы түсінік беру; Өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру; Эмпатия мен жауапкершілікті дамыту; Достық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету; Буллингтің алдын алу. Сынып жетекшісі: Елубай А.С.