Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тұманбай жырлары – мәңгілік әуен
12
наурыз
2025
Тұманбай жырлары – мәңгілік әуен
№93 ЖББМ 6 “Ә” сынып оқушылары И.А.Крылов атындағы балалар кітапханасында қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай “Ақындық ғұмырдың әнге айналған сәттері” атты әдеби кешке қатысты. Әдеби кеште Жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебай, Ақын, жазушы, “Ақжелкен” журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы сөз сөйледі. Кеш барысында ақын өлеңдері оқылып, жүрекке жылы әндері орындалды. Қонақтар естеліктерімен бөлісіп, ақынның шығармашылығына шолу жасады.  Тұманбай
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
11
наурыз
2025
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
№93 жалпы білім беретін мектебінде 6,7-сыныптар үшін “Туберкулездің алдын алу жолдары” тақырыбында №12 емхана педиатры М.К. Имантаева дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
10
наурыз
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
⭐️Алматы қаласы Білім басқармасының ЖШҚ “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы” МКК тарапынан Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Листая страницы” сурет-иллюстрация байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын алған 5 “Ә” сынып оқушысы Берістен Розлана және “Үздік көзқарас” номинациясымен 5 “Ә” сынып оқушысы Нұрмұханбет Хадиджа марапатталды. 🔹Жетекшісі: Т.Шернияз
8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
07
наурыз
2025
8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
2025 жылдың 7 наурыз күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай “Көктем нұры - Сіздерден басталады” атты мерекелік концерті өтті. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырған: “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы
3”А” СЫНЫБЫНДА КӨКТЕМ АРУЫ -2025
06
наурыз
2025
3”А” СЫНЫБЫНДА КӨКТЕМ АРУЫ -2025
2025 жылдың 6 наурыз күні 3”А” сыныбында “Көктем Аруы - 2025” байқауы өтті. Шара барысында сыныптың қыз балалары түрлі бағыт бойынша бақ сынасты. Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
05
наурыз
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
⭐️“Samga Talant” атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып, “Домбыра” номинациясы бойынша бас жүлде алғаны үшін 5 “Ә” сынып оқушылары Ержанова Аружан мен Ахралова Айнұр және 4 “Ә” сынып оқушысы Ахралова Айша марапатталды. 🔹Сынып жетекшілері: Қ.Ж.Иманбекова, Е.Ж.Қасен