Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
15
наурыз
2025
15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Наурызнама – түркі халықтарында көктемгі жаңару мен Наурыз мейрамына байланысты өткізілетін іс-шаралар жиынтығы. Оның ішінде қайырымдылық күні ерекше мәнге ие. Қайырымдылық күні – Наурыз мейрамының негізгі идеяларының бірі болып табылады. Бұл күні адамдар мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.
Амал мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!️
14
наурыз
2025
Амал мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!️
Амал мерекесі – жаңарудың, бауырмалдықтың, татулықтың символы. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, үлкендерге сәлем беріп, амандық-саулық тілейді. Қыс бойы көріспеген жандар құшақтасып, ренжіскендер татуласып, ізгі ниетпен жаңа жылға қадам басады. Бұл мереке – халқымыздың бірлігін, сыйластығын арттыратын ерекше күн.Баршаңызға амандық, молшылық, ырыс-береке тілейміз! Амал мерекесі құтты болсын! Жауаптылар: 5 “А” және 5 “Ә” сыныптары
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
13
наурыз
2025
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
🔹Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай “Ұлы Жеңіс мұрагерлері” жобасы аясында “Менің отбасымдағы қаһарман батыр” айдарының қатысушысы 5 “А” сынып оқушысы Бейбіт Алиасқар. 🔹Сынып жетекшісі: А.С. Елубай #ҰлыЖеңісМұрагерлері #НаследникиВеликойПобеды #80летиеПобеды #bostanbilim #домшкольников3 #Бостандыкскийрайон #управлениеобразованияалматы #акиматалматы #РУМЦДО #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас_тәрбие #АлматыБілімбасқармасы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ
13
наурыз
2025
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ
2025 жылдың 13 наурыз күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен Бостандық ауданы №93 жалпы білім беретін мектебінде «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен ақпараттық-насихаттық қалалық іс-шара өтті.
НАУРЫЗНАМА
13
наурыз
2025
НАУРЫЗНАМА
Бүгін Қазақстанда «Наурызнама» мерекелік декадасы басталды. «Наурызнама» 23 наурызға дейін жалғасады. Жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнаманың» әр күні жекелеген тақырыптар мен құндылықтарға бөлінген. Жеке-жеке аталып өтілетін әр күннің мән-мағынасы қазақ халқының, Қазақстан қоғамының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдет-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды.
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ - ҰЛТТЫҢ КӨРКІ
12
наурыз
2025
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ - ҰЛТТЫҢ КӨРКІ
⚜️Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде “Бұрымды қыз” челленджі ұйымдастырылды. Шара мақсаты:  ⚜️Қазақ халқының салт-дәстүрін, соның ішінде қыз баланың әсем бұрымын қастерлеуді насихаттау; ⚜️Қыз балаларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; ⚜️Ұлтжандылық пен ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Жауапты: “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы