Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты
2025 жылдың 8 қыркүйек күні 6 «Ә» сыныбында «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасындағы өзара сыйластықтың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін әңгімелеп, жағдаяттық тапсырмалар орындап, мақал-мәтелдер арқылы ой бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты өтті. Сынып жетекшісі: Е.Ж. Қасен
Жаңа оқу жылы басында мектеп психологы әр сыныпқа кіріп оқушылармен танысып шықты.
08
қыркүйек
2025
Жаңа оқу жылы басында мектеп психологы әр сыныпқа кіріп оқушылармен
Жаңа оқу жылы басында мектеп психологы әр сыныпқа кіріп оқушылармен танысып шықты. Танысу барысында  оқушыларға жылы атмосфера қалыптастырып, бір бірін түсінуіне көмектесетін түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар оқушылардың мектепке бейімделуіне,ынтымақтастық орнатуына және жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына бағытталады.
Аутодеструктивті мінез-құлықтықтың алдын алу
08
қыркүйек
2025
Аутодеструктивті мінез-құлықтықтың алдын алу
7-11 сынып оқушыларымен аутодеструктивті мінез-құлықтықтың алдын алу үшін кеңестер беріліп, тренинг жүргізілді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
06
қыркүйек
2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.
МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
05
қыркүйек
2025
МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
7 қыркүйек - мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің дамуы мен болашағы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз зор.  Осы орайда №93 жалпы білім беретін мектебінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай челлендж бастау алды. Челленджге қатысушы 7 «А» сынып оқушысы Демеш Алихан. Челлендждің мақсаты – еңбегі ел игілігіне жұмсалып жатқан сала мамандарына алғыс білдіру, оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
05
қыркүйек
2025
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан халқы тілдерінің құндылығын айқындайтын еңбектер мен Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары қойылды.  Шараның мақсаты – жас ұрпаққа тілдің қадірін түсіндіру, ұлт ұстазының еңбегін насихаттау.