Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
15
қараша
2024
ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
№93 жалпы білім беретін мектебі “Добрая крышечка” қалалық экологиялық акциясына белсене қатысты. Шара барысында оқушылар 370 дана қақпақ жинап, экологиялық посттарға табыстады. Акция әлі де өз жалғасын таппақ, сондықтан барлықтарыңызды белсене ат салысуға шақырамыз!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
15
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
2024 жылдың қараша айында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 5”Ә” сынып оқушысы Нурмуханбет Хадиджа марапатталды!  Жетекшісі: Ш.З. Омарова Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
15
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
2024 жылдың қараша айында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәні бойынша І орын иеленіп, қалалық олимпиадаға жолдама алғаны үшін 5”А” сынып оқушысы Тұрсынхан Диас марапатталды!  Жетекшісі: Е.Ж.Қасен
ТҮСІНДЕРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
14
қараша
2024
ТҮСІНДЕРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
“Буллинг кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында мектеп психологы Г.Е. Базарымбетовамен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: «Буллинг және кибербуллинг» туралы ақпарат беру, одан қорғану жолдарына кеңес  беру. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;  Оқушыларды  сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. оқушылар арасындағы әлімжеттіктің алдын-алу.
Хабарландыру
14
қараша
2024
Хабарландыру
22.11.2024 жылы мектепшілік “Үздік жүргізуші-2024” байқауы өтетінін хабарлаймыз! 5-11 сынып аралығында өтеді; Әр сыныптан 1 оқушы ғана қатыса алады. Байқау 2 кезеңнен тұрады: 1-кезең: “Көркем сөз шебері” - көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез-келген танымал ақынның мәнерлеп, жатқа оқу. 2-кезең: “Импровизация” - аудиториямен жұмыс, кез-келген оқиғадан шыға білу.  Байқау 22.11.2024 жылы сағат 14:00-де өтеді. Өтетін жері: Мектеп акт залы Жауапты: А.С. Елубай
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
14
қараша
2024
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: “Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік!” Мақсаты: Жасөспірімдер  арасында  кез-келген қиын жағдайға төзе алатын, стрессті, депрессияны  еңсере алатын  ұрпақ  тәрбиелеу.