Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА КӨРМЕ
06
желтоқсан
2024
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА КӨРМЕ
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Ақын, балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.  Көрменің мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Жауапты: Ж.А. Мәкіш
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
05
желтоқсан
2024
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
2024 жылдың 5 желтоқсан күні мектеп психологы Г.Е. Базарымбетованың ұйымдастыруымен “Зорлық зомбылықсыз балалық шақ” психологиялық тренинг өтті.
АШЫҚ САБАҚТАР
04
желтоқсан
2024
АШЫҚ САБАҚТАР
“Бастауыш сынып” әдістемелік бірлестігі онкүндігінің аясында 3”А” сыныбында дүниетану пәнінен “Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты” тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: Көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру. Өткізген: А.К. Донгабакова
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
03
желтоқсан
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
5-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық интеллектуалдық байқауында үздік нәтиже көрсетіп ІІІ дәрежелі диплом алғаны үшін 5 “Ә” сынып оқушысы Рахатқызы Райяна марапатталды.
СЫНЫП САҒАТТАРЫ
02
желтоқсан
2024
СЫНЫП САҒАТТАРЫ
2024 жылдың 2 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 6”А” сыныбы “Табиғатты қорғай - біздің міндетіміз!” тақырыбында сынып сағатын өтті.  Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғай жайлы түсініктерін қалыптастыру Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
29
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім берудегі білім алушылар арасында қашықтықтан өткізілген “Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” атты балалар суреттерінің республикалық байқауында “Әділетті Қазақстан!” номинациясының жүлделі І орын иегері 5”Ә” сынып оқушысы Берістан Розлана марапатталды.