Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
мамыр
2022

2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының есебі



 


«№93 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылындағы 

оқу-тәрбие жұмыстарының

ТАЛДАУЫ







 «№93 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылындағы жетістіктер


МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ:  

Жаңартылған білім беру жүйесінде, педагогтің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру арқылы білім беру   үдерісіндегі  жеке  тұлғаның   дамуын қамтамасыз ету. Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтарға  негізделген жеке тұлға қалыптастыру.


МАҚСАТЫ: 

           Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы жүйелі жұмыстың үлгісі мен әдістерін жасау арқылы, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.


МІНДЕТТЕРІ:

  • ҚР “Білім туралы” Заңын жүзеге асыру. 
  • Мемлекеттік білім стандартының талаптарын орындау.
  • Педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру, ғылыми-әдістемелік көмекші құралдармен таныстыру және қамтамасыз ету, нормативті құжаттармен әдістемелік жұмыстар жүргізу;
  • Заманауи педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесіне жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың  білім дағдыларын дамыту; 
  • Мұғалімдердің педагогикалық шығармашылығын дамыту, пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын жетілдіру, педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • Оқушыларды олимпиадаға, «Дарын» ғылыми жұмыстарына тарту, интеллектуалды және танымдық қабілетін дамыту; 
  • Жас мамандар мектебінің жұмысын жетілдіру, тәлімгерлік ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, семинар-тренингтер ұйымдастыру;
  • «Үштұғырлы тіл» бағдарламасы негізінде жұмыстар жүргізу;
  • Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел»,«Туған жер», «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру; 
  • Тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, азамат және патриотты қалыптастыруға көмектесу, олардың бойында балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұру дайындығын, құқықтық санасын, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  • Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруге ықпал ету;
  • Сынып жетекшілері, мектеп психологары, мектеп инспекторлары, әлеуметтік педагог пен ата-аналар арасындағы әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету;
  • Директор жанындағы кеңестің жұмысын ұйымдастыру;
  • Оқу үрдісіне АКТ енгізуді кеңейту, «электронды күнделік» біріңғай ақпараттандыру жүйесін енгізу арқылы педагогтар мен оқушылардың құзыреттілігін дамыту;
  • Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жұмыстарын жетілдіру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Оқу жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

1. Мұғалімдер сабақтарында заманауи технологияларды қолданады.

2. Оқушылардың білім –білік дағдылары  артады.

3. Оқушылар   олимпиадаларға, «Дарын» ғылыми жұмыстарына қатысып, жүлделі орын алады

4. «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы негізінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде,   оқушылардың тілге, кітап оқуға деген қызығушылығы артады.

5. Мұғалім «Электронды күнделік» бірыңғай ақпараттандыру жүйесін  педагогтар мен оқушылар және ата-аналар  пайдалана алады.

6. Сынып жетекшілері, мектеп психологары, мектеп инспекторлары, әлеуметтік педагог пен ата-аналар арасындағы әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз етеді.

Мектеп оқушысының келбеті – зияткер, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін, болашаққа оң көзқарас танытып, «Мәңгілік Ел» идеясын бағдар ететін   өз елінің  патриоты,  көшбасшы  жеке дара тұлға.

Мақсатқа жету үшін даму тұжырымдамасы, білім беру бағдарламасы, бейімделген бағдарламалары, пәндік бағдарламалары, оқу-тәрбие жоспарлары құрылып, жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне әкімшілік, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңес басшылық жасады.

Мектепте 6 бағытта әдістемелік бірлестіктер жұмыс жүргізеді. Барлық әдістемелік бірлестіктердің проблемалық тақырыптары, оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмыс жоспарлары оқу процесінің талаптарына сай жасалған

Педагогикалық кеңесте, директор жанындағы жиналыста мектептің оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуі, мектепішілік басшылық пен бақылау қорытындылары зерделеніп диагностикалық талдаулар жасалынған.

Білім берудегі құрылымдардың бекітілген қызметтік циклограммасы негізінде жұмыстар жүргізіліп, іс-құжаттары талаптарға сай нормативтік жүйеге келтірілген. Мектепте шығармашылық топтың қатысуымен әдістемелік бірлестіктердің онкүндіктерінде қашықтықтан оқыту форматында ашық сабақтар өткізілді.

Мектептің оқу-тәрбие процесінде журнал, күнделік электрондық жүйеге көшіріліп, қатаң есептегі құжаттар, мектепке бала қабылдау электронды порталдар арқылы жүзеге асады. 

Мектеп оқушылары онлайн форматында өткен халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық пәндік олимпиада, оқушылардың ғылыми жобалары, интеллектуалды сайыстар мен байқауларда жүлделі орындарға иеленді.



2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 


         Биылғы 2021-2022 оқу жылында әдістемелік бірлестікте 4 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді, тәжірибелі ұстаздар. 

         Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпындыру.

         Әдістемелік бiрлестiктегі мұғалімдердің санаты төмендегідей:

Ш.З.Омарова – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші;

А.Ж.Базильбекова - жоғары санаттағы мұғалім;

Б.Ү.Өтеген – жоғары санаттағы педагог-сарапшы;

Г.Ж.Сулейменова - бірінші санаттағы мұғалім.

         Бірлестік мүшелеріне жыл басында апталық жүктемелер бөлініп, бекітіліп берілген. Әдістемелік бірлестік отырысы жасалынып, жыл бойына атқарылатын міндеттемелерді бөлісіп алды. Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің меңгерушісі етіп А.Ж.Базильбекова, хатшысы: Б.Ү.Өтеген  сайланды. Жылдың басынан әдістемелік бірлестікте 5 отырыс өткізілді және әртүрлі сұрақтар қаралып, шешімдер қабылданды.

         Оқу материалы бағдарламаға, жоспарға сәйкес түгел қамтылды, мұғалімнің шығармашылық тақырыбы бойынша есебі тыңдалып, пікір алмасып, талқыланды.

         Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.

         «Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші, мектепте білім дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты онкүндік болып өтті.

         Жалпы мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізу тіл басқармасының игі дәстүріне айналды, «тамшы тас жарады» дегендей, олардың пайдасы ұшан-теңіз екендігіне де көзіміз жетіп жүр.
          «Тіл жалғастығы - өмір жалғастығы» дегенді ұлттық дәстүр үлгісі деп біле білсек, бұл–әулеттің тәрбиесі, жастарды болашаққа дайындау - бүгінгі ересек ұрпақтың, бүкіл саналы қауымның, ата-ананың мойындағы асыл парыз емес пе? Демек, ана тіліміздің тағдырын шешетін болашақ қоғамның тұлғасы арамызда өсіп келеді. Жас  ұрпақты тәрбиелеу барысында мектебіміз «Еркін елдің ертеңі – кемел білім  мен ана тілінде»  атты   онкүндігі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтілді.

         1-11 - сынып аралығында ашылу салтанаты өтілді. Оқушылар мен ұстаздар өлең шумақтары мен әндерін айтып, билерін билеп,  көріністерін көрсетіп, ана тіліне деген махаббаттарын  көрсете білді.


 

      Бейнелеу пәнінің  мұғалімі   Шернияз Т.Н. «Қылқалам сөйлейді» тақырыбында балаларға  сурет салғызып, қылқалам өнерлерін  сөйлете   білді. 5-11-сынып аралығында   «Еркін елдің ертеңі – кемел білім   мен ана тілінде»  тақырыбында эссе сайысы өткізілді,  оқушылармыз көркем сөз өнерінен де құр алақан емес екендігін танытты.

         Кітапханашы Шарипова Г.С.«Тіл – тарихтың  жан дүниесі» тақырыбында  көрме ұйымдастырып, тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті

      А.Ж.Базильбекова «Тіл – құдіреті» тақырыбында 10 «Ә» сыныбымен 20.09.2021ж. күні сабақтан тыс ашық сабақ өткізді. Оқушылар тілге деген тілашарын диалог арқылы бастады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі  дей келе, тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі - деп балалар өздерінің  тілге деген ойын, жүрек жарды өлең шумақтарын оқыды.

         «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты слайд көрсетіп,  тіл мәңгілік асыл мұрамыз атты көрініс көрсетіп, ән шырқап, тілге деген сүйіспеншілігін білдіре білді.

         21.09.2021ж. күні Өтеген Бекет  9 «А»   сыныбымен  Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз» тақырыбында ашық сабағын өткізді. 

       Ұстаз   оқушыларын топқа бөліп, әр топқа тақырыптарын бөліп беріп, «ДЖИГСО» әдісі арқылы мазмұнын оқып, өзге топқа түсіндірді. 

         Нұр-Мұқасанның «Не пайда»  әнін тыңдап, Әнет баба айтқан  пікірмен   салыстырып, формасы мен сөзіне талдау жасай отырып, көркемдігіне, екі заман, екі адамның  танымынан  туған түсінігін салыстырып, тарихи құндылығына  баға бергізді. 

21.09.2021ж. күні 9-11-сыныптар аралығында  «Сөз мерген танымдық интелектуалдық» сайысын бірнеше бөлімдерге бөліп, «Ұйқасы қалай?» айдарымен тілдік қолданысқа сай, сәйкес жауапты тапты. «Мәнін аш, мағынасын тап» айдарында тұрақты тіркестердің мәнін, мағынасын ашты. Мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып, еске сақтау қабілетін шыңдады.  Мағынасы көнеленген сөздерге анықтама беріп, қоржындарына сөз байлығын салғызды. Танымал тұлғалар туралы да мәлімет  жинатқызды. Ұстаз сабағын жаңа формада, заманауи сабақ өткізді. 

         Г.Ж.Сүлейменова «Дананың көзі – ақылдың көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді, сабағын бірнеше әдебиет жанрына байланысты сөзде беріп, тақырыбын   оқушылар  сол сөздер арқылы тақырыпты анықтап алды да, даналық қайдан шығатынын сұрай отырып шығарып алды.



     Мәтіннің үзіндісін бере отырып, ондағы көріктегі құралдарды тауып, сөз құдіретінің қандай екенін шәкірттеріне байқатты. Сонымен қатар қазақ тіліменде сабағын ұштастырып отырды. Дәлірек айтсақ  мәтіннен шылауларды көп нүктенің орнына қойдырды. Сабағында кері байланыс жасап, «Блоб» ағашы арқылы бағаланды. Ұстаз сабағын заманауи тәсілген өткізе білді. 

      Омарова   Ш.З. 28.09. 11«А» сыныбымен «Тіл ұлттың жаны» атты сабақтан тыс өткізді. 

      Ұстаз   қазақ тілі, оның ішінде қазақ жазуы жөнінде мол мағлұмат берді. Тіл саясатының кешегісі мен бүгінін саралап, тіл тағдыры – ұлт тағдыры екенін де сөз етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бүкіл қазақстандықтарға үндеу тастағанын да еске салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» дей келе, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын айтқан болатын. Осы ретте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова   Ш.З. қазақ тілінің туған жерінде үстемдік құруы үшін жастарды ұлтжанды болуға, барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуге шақырды.

      Өткеннен сабақ алып, болашақта қателіктерді қайталамауды баса айтты. Тіл мәртебесі турасында өз пікірлерін ортаға салды. Олар мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде салқындық танытпай, нық қадам жасау қажеттігін алға тартты.  «Тек қана қазақша сөйлеу» бастамасын бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, отырыста қарастырылған мәселелердің барлығына өз ойын білдіріп, «Отан-отбасынан басталады» – деп, тілге деген құрметін бірауыз сөзбен түйіндеді.

      Қорытындылай келе, Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі мен болашағы мына  біз –  жастардың қолында» деп дөңгелек үстел отырысымен аяқтады. 

     «Ұлттық киім – асыл мұра» 27.09 күні 5 «Ә» сыныбымен өткізді. Сабағын кіріспе сөзбен бастап,  «Суреттер сөйлейді» аясын көрсетіп тақырыбын анықтап алды. 




      Бейнебаяннан ұлттық киімдерді дана ата-бабамыз  немен, қалай жасайтыны туралы мағлұмат алды. Сол арқылы  сыни сұрақтар қойып, ұлттық киім туралы білімдерін жетілдірді. Тапсырмалар орындап, аңшы, батыр, серілердің киімдерімен салыстырды, балалардың өй-өрісін дамытатын жұмыстар жасап, оқушылардың  білімін жетілдірді. «Білім сатысы» әдісі   арқылы   кері байланыс жасап, бағаланды. 

      Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.

         Қорыта келгенде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.

         Жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша өтетін Қ.Бітібаева  атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 11-сынып оқушылары Ырғыбай Ұлсүйер мен Алмасқызы Аружан топ жарып,  екінші дәрежелі дипломдармен мараппатталды.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай  «Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында өткен аудандық эссе байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бектурова Арайлым  Закирқызы жеңімпаз атанып, жүлделі бірінші дәрежелі дипломға ие болды. Пән мұғалімі: Омарава Шырын Захарқызы. 


Ақиық  ақын, Мұқағалидің шығармашылығына арналған аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» кезеңінен үшінші орынға Туленбай Аружан марапатталды. Пән мұғалімі: Сулейменова Гулнур Жумабековна.

      Ақпан айының он алтыншы жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Ү.Өтегеннің ұйымдастыруымен «Ашық алаң» жобасы бойынша 9-сыныптар арасында «Бала құқығы: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында пікірсайыс өтті. 

         Пікірсайысқа «Үкімет» және «Оппозиция» фракцияларынан құралған топтар атсалысты. Фракция көшбасшылары мен мүшелері бала құқығын қорғау конвенциясын негізге ала отырып, өзіндік ұстанымдарын қорғады.

         Пікірсайыс барысында «Оппозиция» фракциясы еліміздегі бала құқығына қатысты өзекті мәселелерді дәлелді түрде жеткізе білді. Ал «Үкімет» фракциясының мүшелері аталған мәселелер төңірегінде кешенді жоспар ұсынып, шешімін табуға мүдделі екендігін жеткізді.

         Пікірсайыс соңында екі фракция мүшелерінің ой-пікірлерін ескере отырып, үш бөлімнен тұратын қарар қабылданды.

    Мектебіміздің мақтанышы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Ү.Өтегеннің шәкірттерінің жетістіктері:

     «Жыр-ғұмыр» қалалық мәнерлеп оқу сайысы – 1-дәрежелі диплом Мақан Асыл, 3-дәрежелі диплом Ержан Елдана.

     ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында өткен «Жаса, Қазақстан!» атты патриоттық әндер байқауы – III (үшінші) дәрежелі диплом Ералиева Ақерке. 

     ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы «Патриоттық рух – басты құндылық» атты жобаның іс-шараларына белсене атсалысқаны үшін диплом – Нұркенұлы Рақымжан.

      III Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының қалалық кезеңіне қатысқаны үшін сертификат. Оқушының аты-жөні: Нұркенұлы Рақымжан.       

     Аудандық «Елімнің тұңғыш Президенті» атты эссе конкурсы – 1-дәрежелі диплом. Оқушының аты-жөні: Қауасова Атэм.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі – 3-дәрежелі диплом, секция: тіл білімі. /№S-02178/Оқушының аты-жөні: Ержан Елдана.

      Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен 1-5-сәуірде 5-11-сынып оқушылары арасында өткен «Қош келдің, Наурыз, көктемім!» тақырыбындағы қалалық эссе байқауы – 2-дәрежелі диплом. Оқушының аты-жөні: Ержан Елдана.

         «Педагогикалық идеялар фестивалі» онлайн аудандық байқауына белсенді қатысқаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ.

         Колледж және мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған IV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының қорытынды кезең нәтижесі бойынша I (бірінші) дәрежелі диплом. Тіркеу №D-226952.

         «Педагог мәртебесін көтеру және педагогикалық білімді жаңғырту» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысқаны үшін сертификат.

         Колледж және мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған IV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының қорытынды кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ. Тіркеу №Q-226952.

         Республикалық интеллектуалды «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасынан I (бірінші) дәрежелі диплом. Тіркеу №K-94250691.

          «Тағылым.кз» республикалық білім-ғылым саласына арналған ақпараттық-танымдық сайты мен «Мұғалім мерейі» республикалық педагогикалық журналы ұйымдастыруымен «Үздік жас маман» атты республикалық байқауға белсене қатысып, білім беру саласының өркендеуі жолында өз үлесін қосқаны үшін I (бірінші) дәрежелі диплом және құрмет грамотасы.

         Республикалық ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздарын дайындағаны үшін ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның сертификаты.

         «Аманат» партиясының Саяси менеджмент мектебінде «Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу» тақырыбына арналған семинар-тренинг қорытындысы бойынша оқуды табысты аяқтағанын куәландырады /сертификат №23742/. Түркия Республикасы, Стамбул университетінің сертификаты.

Республикалық және халықаралық конференция жинақтарында   Б.Ү.Өтегеннің «Концепция «4К в образовании», «Қазақ әдебиетін құндылықтарға негіздеп оқыту», «Білім берудің жаңартылған бағдарламасы: алғышарттар мен басымдықтар»,   «Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқыту мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған кешенді талдау үлгісі», «Қазіргі білім беру жүйесіндегі «функционалды сауаттылық» ұғымы» атты   мақалалары  жарияланды.     

       Базильбекова  Айзада Жумакановнаның  марапаттары: 

       Қалалық   білім беру жүйесіндегі іс-шараға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары  үшін марапатталды. 

      Республикалық  пәндік олимпиадасының ұйымдастыру  шараларына жетекшілік еткені үшін  алғыс   берілді. 

      Аудандық   олимпиададан 10 «Ә» сынып оқушысы Кенжегалиева Акнура 

Бірінші орынға ие болды.

Аудандық Жыр құлагері І.Жансүгіров шығармашылығына арналған «І.Жансүгіров оқуларынан»  «Ағынды менің - Ақсуым» бағытында Болатханов Еркебұлан бірінші, қалылықтан үшінші орын иегері атанды. 

2021-2022 оқу жылындағы 

қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің

жылдық жұмысының қорытынды 

ЕСЕБІ


        2021-2022 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жұмыс жоспарының


МАҚСАТЫ:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
  • Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу.


МІНДЕТТЕРІ:

  1. Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.
  2. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз  ету.
  3. Тілдерден  оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.
  4. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
  5. Дарынды  оқушылармен  жұмысты  жандандыру.
  6. Пән мұғалімдерінің сапалығын көтеру.


         Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің құрамына 10 мұғалім енеді. Мұғалімдер сапасының құрамы талапқа сай, жоғары білімді. 

         Әдістемелік бiрлестiктегі мұғалімдердің санаты төмендегідей:

         Р.Т.Тұрмахан – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

         А.Е.Ұлықпан – санатсыз, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

         Г.М.Орынбай – санатсыз, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

         М.Әбішева – санатсыз, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

         Б.Б.Алияскарова  - жоғары санаттағы педагог-зерттеуші, тарих пәнінің мұғалімі;

         Т.Сәрсенбек – санатсыз, тарих пәнінің мұғалімі;

         К.Б.Еркінбек – санатсыз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;


         М.Н.Нұрсұлтанова – жоғары санаттағы педагог-модератор, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; 

         Ф.Б.Рай – жоғары санаттағы педагог-модератор, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

         Н.А.Қанымғазиева - санатсыз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

         

         2021-2022 оқу жылындағы  қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің құрамын төмендегі кестеден көруге болады:

Мұғалімнің аты-жөні

Туған жылы

Оқу орны, бітірген жылы

Жалпы еңбек өтілі

Пед. өтілі

Санаты

Сабақ беретін сыныптар.

пәні

Курстан өткен жылы,тақырыбы


Мекен-жайы

1

Нұрсұлтанова М.Н

17.10.1997

Шет тілдер және іскерлік карьералық университеті

6 жыл

3 жыл

Педагог-модератор

2021,

қаңтар

8-11

Ағыл

шын тілі

2021ж.

Көктем 2,12

2

Рай Ф.Б.

20.05.2000

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

8 ай

8 ай



Педагог-модератор

4, 6-8

Ағыл

шын тілі

03.09.2021 - 14.09.2021 «Жаңартылған білім беру бағдарлама

Сы бойынша қашықтан окыту әдістемесі»

Ақбұлақ ықш.

Сарытоғай 66 көшесі

3

Орынбай Г.М.

29.10.2001

Абай атындағы ҚазҰПУ

7 ай

7 ай


Санатсыз

3,8,9

Орыс тілі мен әдебиеті

03.09.2021 - 14.09.2021 «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қашықтан окыту әдістемесі»


Ул. Гоголя 111

4






Сәрсенбек Т.






15.07.2000





Абай атындағы ҚазҰПУ






7 ай






7 ай






Санатсыз






5,6,7,

8,10

01.11.2021 - 26.11.2021 «Жаңартылған білім беру жағдайындағы тарих пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері»

Шаңырак 1 жас казак 10

5

ӘбІшева М

01.01.1995

ҚазМемҚыз

ПУ


4 жыл


4 жыл


Санатсыз

1,4,5,6,7

Орыс тілі мен әдебиеті


2019 ж.

Наурызбай ауд.     Жуалы к. 9/39

6

ҚанымғазиеваН.А.

26.07.2000

М.Мәметова атындағы Жоғары педагогика

лық колледжі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

6 ай

6 ай

санатсыз

5, 6

Ағыл

шын тілі


-

Ади Шарипова 17

7

Ұлықпан А.Е

04.09.2001

Абай атындағы ҚазҰПУ

7 ай

7 ай

санатсыз

2,6

Орыс тілі мен әдебиеті


-

Абая 163

8

Еркінбек К.Б.

26.09.1994

Шет тілдер және іскерлік карьералық университеті

6 жыл

6 жыл

Санатсыз

1, 2, 3 Ағылшын тілі

01.11.2021 - 26.11.2021 «Жаңартылған білім беру жағдайындағы тарих пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері»

Жасқанат 1/71-үй,

31-пәтер

         

         Тамыз айының соңғы күндерінде қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар, сабақ беретін мұғалімдердің ҰМЖ, ОМЖ және күнтізбелік- тақырыптық жоспарлары, оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі таңдау пәндерінің бағдарламалары қаралып, бекітуге жіберілді. 

Жұмыс дәптерлері, бақылау жұмыс дәптерлерінің әр сыныпта басталғандығын тексеру, сондай-ақ күнделікті жұмыс дәптерлерінің тексеріліп тұруын қадағалау және алғашқы бақылау жұмыстарының кестесі құрылды.

              Бірлестік  алғашқы жұмысын 22 қыркүйек  Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне арналған  іс-шараларға қатысудан   бастады.

             Мерекелік іс-шараны мектеп бойынша   2021-2022 оқу жылының  18-22 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып, бекітілген еді.

              Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», 2017-2018 жылдарға арналған мектепте 12 жылдық білім беруге көшудегі үш тілділікті іске асыру. Үш тілде сөйлеуді меңгеру; Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

              Міндеті: Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, үш тілде еркін сөйлеу. Тіл мәдениетін жетілдіру.


         Үштілділікті дамытудың  кешендік жоспарын іске асыру аясында  22 қыркүйек   Тілдер мерекесіне арналған  апталыққа орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінің ұстаздары атсалысты. Әр күнгі іс-шарада  оқушылар үштілділікке бағытталған  тапсырмаларды толықтай қызығушылықпен орындап  шықты.

         Тілдер мерекесінің   жоғарғы деңгейде  өтуіне атсалысқан  пән мұғалімдері мен ұстаздарға ауызша түрде алғыс  жарияланды.

         Бірлестіктің  екінші отырысында  Тарих пәні мұғалімі бірлестік жетекшісі Б.Б. Алияскарова жүргізді.

         «Оқытудың озық  әдіс-тәсілдерін ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде жүргізе отырып, шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру» атты баяндама оқыды. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналатынын. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап ететіндігін. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылып жатқандығына баса назар аударды.Сонымен қатар, әріптестерінің пікірі мен сауалдарына да  көңіл бөлінді. Бірлестік мұғалімдері  аудандық білім бөлімі хабардар еткен республикалық, облыстық, аудандық семинарлар мен оқуларға  белсенді қатысып отырды.  

         Қараша мен желтоқсан  айында орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі, тарих пәндерінен  9-11 сыныптар арасында оқушылардың мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.

Олимпиаданың мақсаты:

         - ғылым негіздерін оқуға бейімділік пен қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау;

         - пән бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін терең  меңгеруге көмектесу;

Олимпиада ережеге сәйкес, негізгі мақсат, міндеттері орындала отырып жүргізілді. Білім сайысына қатысып, білмекке құмарлығын дамытып, ақылы мен күш – жігерін шыңдап, білім-ғылым үйренбекке талап қылушы оқушылар шектелген уақыт ішінде меңгерген білім, білік, дағдыларын  жан-жақты пайдаланып, әр тапсырма бойынша жүйелі, терең, тиянақты жауап беруге тырысты. Мектепішілік олимпиаданың жүлделі орын иегерлері желтоқсан айында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысты.


2021-2022 оқу жылы 15 -26 қараша аралығында гуманитарлық   бірлестік   жоспарлы түрде  пәндік апталық жүргізді.

Тақырыбы: «Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан елім -Қазақстан».

Апталықтың   әдістемелік тақырыбы: «Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі»

Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың     функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту.


Мұғалімнің аты жөні

пәні

сынып

тақырып

мерзімі

Пән мұғалімдері

Тарих, орыс тілі, ағылшын тілі

2-11 сыныптар аралығында

Ашылу салтанаты

«Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан елім -Қазақстан»

Қабырға газеті: «Туған жер-тұғырың»,  «Тәуелсіздік -тұғырым»

15.11.2021ж.

1

Сәрсенбек Таңат

Қазақстан тарихы

5 А

Көшпелілердің материалдық  мәдениеті

24.11.2021ж.

2

Рай Фариза

Ағылшын тілі

4 А

Tresure and numbers

25.11.2021 ж.

3

Абишева Майра

Орыс тілі

7 Ә

Знаменитости и спорт

25.11.2021 ж.

4

Нұрсұлтанова Мадина

Ағылшын тілі

11 А

using memory technigues

24.11.2021 ж.

5

Орынбай Гүлназым

Орыс тілі

8 Ә

Не позваляй душе ленится

26.11.2021 ж.

6

Алияскарова Бибигуль

Қазақстан тарихы

10 А

Мәдени генетикалық код -ұлт негізі

24.11.2021 ж.

7

Ұлықпан Альбина Ермекқызы

Орыс тілі

6 А

Любимое время года

26.11.2021 ж.


            Апталықтың ашылуынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған   іс-шаралар легі  белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Аптаның бірінші күні 5-10 - сынып оқушылары  арасында  «Туған жер-тұғырың»,  «Тәуелсіздік -тұғырым» атты қабырға газетін  шығару ұйымдастырылды. Барлық сыныптар өз таңдаулары бойынша қабырға газетін шығарып, бірінші қабатқа орналастырды.

        Ашық сабақтарға мектеп бойынша  пән мұғалімдері қатысып, сабақ талдау кезінде әріптестеріне қолдау көрсете отырып, өз ойларын, ұсыныстарын білдірді. Жаңартылған  білім беру саласы бойынша алынған 5, 7-сынып оқушылары 8, 9-сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар үзіліс кезінде ұйымдастырылған ағылшын тілінде  сөзжұмбақ сайысына, «Жылдар сөйлейді» атты  тарихи сұрақтарға және 10-сынып оқушылары ұйымдастырған орыс тіліндегі танымдық ойындарға қатысты. Бейсенбі күні мектеп-психологі Базарымбетова Гульжахан Еденбаевнаның ұйымдастыруымен  «Оқушының кілті мұғалімде» атты мектеп мұғалімдері үшін психологиялық тренинг өтті. Мақсаты  мұғалімнің оқушыны бақылап, жүрегіне жол таба білуі және жеке тұлға ретінде сыйластықпен бағалап, көңіл бөлу керектігіне көз жеткізу  болды. Тренинг  қатысқан әр мұғалімнің көңілінен шығып, талқылаулар мен көзқарастар да айтылып, талданды.   

         Қарашаның 24 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ф.Б. Рай «4» А сынып оқушыларымен «Treasure and heritage» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

       Ашық сабақ барысында мұғалім оқушыларға санау үшін 1-ден 1000-ға дейінгі есептік пен 1-ден 10-ға дейінгі реттік сандардың ағылшын тілінде қолдасын үйретті.   

       Мұғалім сабақты ұйымдастыру кезеңінде «Тілекті тізбек» әдісін пайдаланып, оқушылар арасында жағымды атмосфера құрды. Оқушыларды «Мыңдық», «Ондық» және «Бірлік» деген 3 топқа бөлді. Үй тапсырмасын сұрау барысында «Ыстық орындық» әдісін пайдаланды. Әр тапсырма сайын оқушылар «Үш шапалақ» әдісін қолдана отырып, кері байланыс беріп отырды. Жаңа тақырыпты бастар алдында мұғалім оқушыларға сан есім туралы түрлі сұрақтарды қойып, миға шабуыл жасады. Сабақты презентация арқылы түсіндіріп, соңынан сандарға байланысты бейнекөрсетілім көрсетті. Бейнекөрсетілімде берілген тапсырмаларды оқушылар топтасып орындады. Топтасып орындау барысында оқушылар ауызбіршілікте болып, түсінбеген тапсырмаларын бір-біріне түсіндіріп, топ басшылары өз топтарын алға тартты. Сергіту сәтінде оқушылар «FIZZ-BUZZ» ойынын ойнап, көңілдері көтеріліп, сабақ барысында оқушылар өздерін еркін сезінді. 

         Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, көрнекіліктер кеңінен  қолданылды. 

Қарашаның 25 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбішева Майра «7» Ә сынып оқушыларымен «Кавказский пленник» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Ашық сабақ барысында мұғалім мен оқушылар  Л.Н.Толстойдың «Кавказский пленник» әңгімесін талдады.  Сабақ барысында Л.Н.Толстойдың өмірбаянымен, «Кавказский пленник» әңгімесінің шығу тарихымен, әңгіме кейіпкерлерімен танысып, оларға мінездеме берді. Әр оқушы өздерінің өміріне қажетті қасиеттерді бойларына сіңірді. Кітаптағы жаттығуларды орындап, қосымша тапсырмалар жасады.

         Әңгіменің негізгі ойын анықтап, оқушылар әдебиет теориясындағы жетік білімін көрсетіп, топтарды тапты. 

         Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайындағы презентация қолданылды. 

Әбішева  Майраның екінші ашық сабағы 6 «А» сыныбында «Загадка древней Атлантиды» тақырыбында өтті.

         Жаңа сабақта оқушылар ежелгі грек халқының Атлантида жайлы аңыздарымен танысты. Сабақта оқушылар топтарға бөлініп, топтық жұмыстар жасады. 

         Әңгіменің жартысын оқып болғаннан кейін, оқушылар «Болжау ағашын» толтырды. Әр оқушы әңгіменің қалай аяқталатынына болжау жасап, өз нұсқаларын ағаштың бұтақтарына жазды. 

         Сабақтың соңында әңгіменің негізгі ойы анықталды. Сабаққа барлық оқушы белсенді қатысты.

         Қарашаның 26 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Орынбай 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Не позволяй душе лениться» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Ашық сабақ барысында мұғалім мен оқушылар адам бойындағы «жалқаулық» қасиеті туралы әңгіме қозғады. Н.А.Заблоцкийдің «Не позволяй душе лениться» тақырыбындағы өлеңін талдап, оқушылар өз ойын жеткізді. «Лень» сөзіне ассоциациялар жазды. Әр оқушы өздерінің өмірінен не нәрселерге жалқауланатынын мысал қылып келтірді. Кітаптағы жаттығуларды орындап, жалқаулықты жеңу жоларымен бөлісті.

         Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайындағы презентация қолданылды.

Қарашаның 20-сы күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынбай Гүлназым Мерейқызы 8 «Ә» сыныбына онлайн форматта «Спешите делать добрые дела» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Жаңа сабақта оқушылар К.Г.Пауставскийдің қаламынан шыққан «Телеграмма» әңгімесімен танысты. Сабақ Расул Гамзатовтың «Слово о матери» өлеңін талдаудан басталды. Эпиграфты оқу барысында оқушылар ана туралы сөз айтып, әңгіменің мазмұнын өлеңге байланыстырып, болжады.          Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып мәтінді кезекпен оқып, өз түсінігін білдіріп отырды. Әңгіменің жартысын оқып болғаннан кейін оқушылар «Болжау ағашын» толтырды. Әр оқушы әңгіменің қалай аяқталатынына болжау жасап, өз нұсқаларын ағаштың бұтақтарына жазды. 

         Сабақтың соңында әңгіменің негізгі ойы анықталды. Бұл сабақ оқушыларға тағы да бір рет әр баланың ата-анасының алдында парызы бар екендігін естеріне түсірді. 

Қарашаның 26-сы күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Орынбай екінші ашық сабағы  8 «Ә» сынып оқушыларымен «Не позволяй душе лениться» тақырыбында  өткізілді.

     Ашық сабақ барысында мұғалім мен оқушылар адам бойындағы «жалқаулық» қасиеті туралы әңгіме қозғады. Н.А.Заблоцкийдің «Не позволяй душе лениться» тақырыбындағы өлеңін талдап, оқушылар өз ойын жеткізді. «Лень» сөзіне ассоциациялар жазды. Әр оқушы өздерінің өмірінен не нәрселерге жалқауланатынын мысал қылып келтірді. Кітаптағы жаттығуларды орындап, жалқаулықты жеңу жоларымен бөлісті. 

         Өлеңнің негізі ойы қай шумақта екенін анықтап, оқушылар әдебиет теориясындағы жетік білімін көрсетіп, троптарды тапты. 

         Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайындағы презентация қолданылды. 

Қарашаның 24-і күні орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлықпан Альбина 6 «А» сынып оқушыларымен «Любимое время года» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Сабақтың басында мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырды.

       Мұғалім сабақты ұйымдастыру кезеңінде «Потирание ладони друг о дружку» жаттығуын пайдаланып, оқушылар арасында жағымды атмосфера құрды. Ашық сабақ барысында мұғалім оқушыларды жыл мезгілдері атауларымен топқа бөлді (зима, весна, лето, осень).  

Үй тапсырмасын сұрау барысында «learningapps.org» сайтында дайындалған викторина, салыстыру және т.б. тапсырма түрлерін қолданды. Әр дұрыс жауапқа оқушылар «Үш шапалақ» әдісін қолдана отырып, кері байланыс беріп отырды. Жаңа тақырыпты бастар алдында мұғалім оқушыларға есімдіктер туралы түрлі сұрақтарды қойып миға шабуыл жасады. Сабақты презентация арқылы түсіндіріп, соңынан есімдіктерге байланысты бейнекөрсетілім көрсетті. Бейнекөрсетілімде берілген тапсырмаларды оқушылар топтасып орындады. Топтасып орындау барысында оқушылар ауызбіршілікте болып, түсінбеген тапсырмаларын бір біріне түсіндіріп, топ басшылары өз топтарын алға тартты. Сергіту сәтінде оқушылар «Переменка» ойынын ойнап, көңілдері көтеріліп, сабақ барысында оқушылар өздерін еркін сезінді. 

Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, көрнекіліктер қолданылды. 

Қарашаның 24-і күні Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Сәрсенбек Таңат 5 «А» сынып оқушыларымен «Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мазмұнына сәйкес қызықты, тартымды болды.

Мектебімізде тарих пәнінің мұғалімдерінің және кітапхана меңгерушісі Гульшат Сабырқызының  ұйымдастыруымен Ұлы жеңіске байланысты кітапханада дөңгелек үстел өткізілді. Тақырыбы: «Ұрпақтар ұмытпайтын-Ұлы Жеңіс».

         Мақсаты: Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. 

         Дөңгелек үстелге жоғары сынып оқушылары қатысып, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр бабаларымыз туралы әңгімеледі. Өз ойларымен бөлісіп, оқыған кітаптарын ортаға салды. Ұстаздарымен және кітапхана меңгерушісі Гүлшат апаймен бірлесе отырып өте қызықты әңгімелер, оқиғалар айтылды. Оқушылар аталарының ерлігін ерекше мақтанышпен айтып, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін танытты.


         Қарашаның 24 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Н Нұрсұлтанова «11» А сынып оқушыларымен «Using memory techniques» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

       Ашық сабақ барысында мұғалім оқушыларға биология сабағымен байланысты  «жад» тақырыбында және жаңа сөздерді есте сақтау қабілетін арттыру тәсілдерін үйретіп, сабақ барысында техникалар қолданылып, практика   жасалынды.

       Мұғалім сабақты ұйымдастыру кезеңінде «Memory game» әдісін пайдаланды, бұл тәсіл арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздері тауып, топтарға бөлінді. Оқушыларды ойын нәтижесі бойынша және жады түрлері ойынша «a good memory», «a long memory» және «a short memory» деген 3 топқа бөлді. Үй тапсырмасын сұрау барысында «True/False» әдісін пайдаланды. Мұғалім үй тапсырмасына берілген мәтін туралы сұрақтарды қойған кезде, оқушылар қолындағы сәйкес карточкамен «Дұрыс» немесе «Бұрыс» сөздерін көрсетті. Әр тапсырма сайын оқушылар «Үш шапалақ» әдісін қолдана отырып, кері байланыс беріп отырды. Жаңа тақырыпты бастар алдында мұғалім оқушыларға жады, есте сақтау, жады түрлері туралы түрлі сұрақтарды қойып миға шабуыл жасады. Сабақты презентация арқылы түсіндіріп, соңынан есте сақтау қабілетін арттыруға байланысты бейнекөрсетілім көрсетті. Бейнекөрсетілімде берілген тапсырмаларды оқушылар топтасып орындады. Әрбір топ келесі топқа кері байланыс беріп, топтар бір-бірін бағалады. Оқушылар жады туралы мәтінді оқып, берілген тапсырма бойынша мини-жоба жасап, ағылшын тілінде жады туралы ойларын еркін жеткізді. Топтасып орындау барысында оқушылар ауызбіршілікте болып, түсінбеген тапсырмаларын бір-біріне түсіндіріп, топ басшылары өз топтарын алға тартты. Сергіту сәтінде оқушылар «How to Boost Your Memory» ойынын ойнап, көңілдері көтеріліп, сабақ барысында оқушылар өздерін еркін сезінді. 

         Сабақта интерактивті тақта, бейнематериалдар, көрнекіліктер қолданылды. 


         Қарашаның 24-і күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.А. Қанымғазиева 6 «А» сынып оқушыларымен « Holiday and Travel» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Алдымен үйге берілген «Present Simple» тақырыбын әр қатарды 1 топ жасап, топпен сұрадым. Топ болып сабақты айтады, қалған топтар айтпай кеткен жерін немесе түсінбегендерін сұрақ түрінде қойып, жауабын алды. Осылайша үш топта сабақ айтты. «Үш шапалақ» әдісімен тапсырмаға баға берілді.

         Сабақ барысында бірнеше жаңа технологилар қолданды. ҚБҚ- Қолданған технология (Quizlet,1), Word Wall (questions, matching). Quzilet арқылы жаңа сөздік түсіндірілді. Бір жағынан жаңа сөздіктің суреті шықса, екінші жағынан ағылшын тіліндегі баламасы шығады. 

         Келесі кезең Word Wall технологиясы қолданылды. Бұл технологияның бір артықшылығы түрлі-түсті бояулармен тапсырмалар беріледі. 

         Сабақты әрі қарай практикалық тапсырмамен жалғастырды. Оқулықта берілген 2 практикалық тапсырманың барлығын бірігіп орындады. Практикалық жұмысты жасап, оқушылар жауаптарын түсіндірді. 

         Сабақтың соңғы бөлігінде оқушыларға «БББ» кері байланыс парағы таратылды. Оқушылар бүгінгі сабақтан білемін, білдім, білгім келеді деп ұсыныстарын да жаза қалдырды. Бұл парақтарды мен қарап оқушылардың түсінбеген жерлері мен ұсыныстарын келесі сабақта түсіндіріп, қосымша мәлімет берілді.

         Сабақтың соңында тақтада ілулі тұрған «білім қоржынына» оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржынға салды. 

         Сабақтағы мақсаты: «Жаңа тақырыпты оқушыларға өз беттерімен оқу, пікірлесу, айту, түсіндіру арқылы меңгерту» болды. Оқушылар жаңа сабақты меңгерді.  Сабақ өз мақсатына жетті.


2021-2022 оқу жылы 15-26 қараша  аралығында жоспарланған гуманитарлық пәндер апталығы өз жұмысын аяқтады.         

         Апталықтың жабылу салтанатында мектепішілік пәндік олимпиада және қабырға газетінің  үздік  авторлары,   шығарма сайысына қатысқан мектеп оқушылары мадақтау қағазы мен  арнайы сертификаттармен  марапатталды. 

         Гуманитарлық  пәндер бірлестігінің  апталығы жоспарланған  мақсаттарына жетіп, міндеттерін толық атқарды.

Жалпы   оқу  жылы көлемінде гуманитарлық  пәндер бойынша әртүрлі тақырыптағы сайыстардың түрі көп. Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға  үнемі қатысып, мектептің беделін көтеріп, атын даңқты ету жолында өз өнерлері мен білімдерін жүлделі орындардан көрсете білетін оқушылар қатары жетіп, артылады. Солардың бір қатары өз үлестерін жыл бойында көрсете білді.

         Ұсыныс:  

1.Ашық сабақтар беретін сыныптарды жабық түрде таңдау (жереби).

2.Әр пән мұғаліміне айтылған ескертпе ұсыныстарды орындау.           

3.Сабақ жоспарлауда уақытты ұтымды пайдалануға баса назар аудару.

4.Гуманитарлық пәндер бойынша кезеңдік сайыстарға басқа да оқушыларды дайындап, қатыстыру.

5.Дарынды оқушылармен жұмысты жоспарға сай жүргізіп, аудандық сайыс кезеңіне қатысатын оқушыларды алдын ала бекіту.

2021-2022 оқу жылында бірлестіктің ұстаздары және шәкірттерінің жетістіктері:


Бірлестіктің әр  мұғалімі өзі сынып жетекшілік атқаратын сыныбымен жоспарлы жұмыстар жүргізіп, іс-шаралар өткізеді. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, өз білімдерін жетілдіру жолында талмай қызмет атқарып, тәжірибе алмасады бірлестік жұмысы жоспарға сай жүргізіліп, бірлестік отырыстары жоспарға сай өткізілді. Бірлестік отырыстарында үнемі оқу-тәрбиеге қатысты мәселелер талқыланып отырды. 2021-2022 оқу жылы бойынша бірлестік жұмысы жақсы деп бағаланды.

      Қоғамдық-гуманитарлық бірлестік ұстаздарының алдағы жаңа оқу жылында да жоғары деңгейде жұмыс жасап, жетістіктерге жететініне кәміл сенеміз.

2021-2022 оқу жылындағы 

бастауыш сынып бірлестігінің 

жылдық жұмысының қорытынды 

ЕСЕБІ


Әдістеме бірлестігінің өзекті мәселесі:

         Оқу үрдістерінің дамуы оның әрқашан өзін-өзі жетілдіру үрдістері.

Мақсаты:

         Оқушыны жеке тұлға ретінде қазіргі қоғамға сай қалыптастыру.

Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:

         Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологиясының тиімді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру.

МІНДЕТТЕРІ:

  1. Оқу пәндері бойынша кешенді әдістемелік жүйені жақсарту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге көмек көрсету.
  2. Оқушылардың тілдік қабілетін жетілдіру жұмыстарының әдісі мен түрлерін дамыту.
  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

         Биылғы 2021-2022 оқу жылында бастауыш сынып бірлестігі оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде 8 мұғалім жұмыс істеді.

  1. Н.Б. Абдирова – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші;
  2. А.Ч. Қожалимова – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші;
  3. Г.Т. Халыкова – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші;
  4. Г.И. Молдаханова – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші;
  5. А.К.Донгабакова – жоғары санаттағы педагог-модератор;
  6. А.М.Ғазымова – санатсыз;
  7. М.А.Алдибай – санатсыз;
  8. А.К.Алияскарова - жоғары санаттағы педагог-модератор;

Осы 2021-2022 оқу жылында бірлестікте алдымызға қойылған мақсаттарымызға толық жеттік деп айта аламыз. Әр мұғалімнің әдістемелік шеберханасы әр тоқсандағы әдістеме бірлестігінің отырысында оқытудың жаңарту бағдарламасы бойынша оқыту әдістемелері  және сонымен қатар баяндамалар да жасалды. 

Әр мұғалім өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша жұмыстар жасады. Н.Б.Абдирова тақырыбы: «Оқушының тілін дамытып, шығармашылыққа дайындау», А.Ч.Қожалимова «Оқушының тілін дамытып, шығармашылыққа дайындау», А.К.Донгабакова «Оқушылардың оқу-танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту», Г.И.Молдаханова «Оқушылардың тілін байыту, баланың ойлау дағдысын дамыта отырып, шығармашылық белсенділігін дамыту», А.М.Ғазымова «Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу», М.А.Алдибай «Оқушылармен өзіндік жұмыстар жүргізу» деген тақырыптарда жыл бойы жұмыстар жасады. 

Г.И.Молдаханова «Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы білім сапасы деңгейінің кепілі» және Н.Б.Абдирова «Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында баяндамалар оқылды, талқыға салынып, кеңестер берілді. Әр тоқсанда тоқсандық қорытындылар, мониторингтер сарапталып отырды. 

         Бастауыш сынып мұғалімдерінің мақсаты – Қазақстан Республикасының ұлтжанды, тілін, мәдениетін құрметтейтін, білімді де саналы оқушыларды тәрбиелеу болатын. Қыркүйекте өткен тіл апталығында оқушылардың қызығушылығын арттырып, қабырға газеттері шығарылып, сөзжұмбақтар жасырылып, жарыстар өткізілді. Одан әрі әр сыныптар ашық сабақтар өтті.

          2 «Ә» сыныбы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген тақырыпта сабақ өтіп, оқушыларды тілін сүюге, қадірлеуге, өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу, ұлттық намысын оятып, бірлікке шақырып, жұмылдыра жұмыс жасауға тәрбиелеуге шақырды.  

         3 «А» сыныбында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тақырыптарда сабақтар өтіп, оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеп, ана сүтімен дарыған қасиетті тілін құрметтеу. Бабаларымыздан қалған шешендік сөздерді, нақыл сөздерді мәнеріне келтіре айтуға дағдыларын дамытты. 

         Іс-шарамыздың жабылу салтанатын  «Тілге құрмет – елге құрмет» деген тақырыппен бастауыш сыныптар өткізді. Ұстаз сайыс - сабағын үлгі аларлықтай жан-жақты  ізденіспент және ата-аналарды  сабаққа қатыстыра отырып іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар бастауыш сыныптар арасында  «Күз-береке, күз-мереке» атты күзгі көрме өтті. Көрмеге барлық сынып оқушылары әр түрлі жұмыстарын қойып, күздің кереметін көрсетуге ат салысты. 1-4 сыныптар  атауына сай көкөніс пен жемістерден әр түрлі бұйымдар жасады. 4 «Ә» сыныбында «Күзгі молшылық» атты тәрбие сағаты болды. Мектеп ұжымы мен оқушылар көрмені қызыға тамашалап, ерекше әсер алды. 

Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау шарасы ретінде бастауыш сыныптарда «Көше күтпеген жағдайларға толы» тақырыбында сабақ өткізілді. Бұл сабақтарда жолда жүру ережелерімен таныстырылып, көше белгілерін танып білуге және көше ережелерін бұзбауға үйретіп тәрбиеледі.        Желтоқсан айында 3 «А»,  3«Ә» сыныптарында «Елін сүйген ел басы» 2«Ә»,4«А» сыныптарында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сабақтар өтілді. Оқушыларды ата бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге, ұлттық намысын оятуға тәрбиелеуге көңіл бөлінді. Оқушылардың сауаттылығы байқалып, дамыған бүлдіршіндеріміздің өнері тамашаланды.


Ақпан айында М.Мақатаевтың 90- жылдығына арналған 3-4 сыныптар арасында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан сайыс өтті.

Наурыз айында «Қыз сыны»  ашық  тәрбие сабақтар, сайыстар  және «Қош келдің әз - Наурыз!» тәрбие сағаттары өткізілді. Мұнда оқушылар қазақтың салт-дәстүрлерімен, өнерлерімен танысып, тәрбиеге көңіл бөлді.

18.04-29.04.2022ж. күндер аралығында «Бастауыш – білім бұлағы» атты бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті.    Онкүндік кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс -шаралардың жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге тиісті. 

«Бастауыш – білім бұлағы» атты онкүндігінің ашылу салтанаты 18 -сәуірде өткізілді. Апталықтың ашылу салтанатына сынып жетекшілер жауапты болды. Ашылу салтанатына 1-4-сынып оқушылары ат салысып қатысты.

     Барлық жоспарланған іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық жоғарғы  әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Мұғалімдердің көбісі жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық жағдай қалыптастырды. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын  тигізді, күрделі сұрақтардың  қиын жауаптарын тапты.

         1 «Ә» сыныбы дүниетану сабағынан «Ертегідегі саяхат» тақырыбында ашық  сабақ өткізді. Мұғалім   А.Ғазымова сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды.
          2«Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Г.Молдаханова «Бидай мен қаңбақ» тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасады. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі түрлері: топтық, жұптық жұмыс тиімді пайдаланды. 3 «А» сыныбында Г.Т.Халыкова математика пәнінен «Есептер шығару» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Жаңартылған білім жүйесінде құрылған сабақ құрылымында топтық,  жеке жұмыстар әртүрлі әдістермен өз үйлесімін тапқан. Оқушылар белсенділік танытып, өз құнды ойларымен бөлісіп отырды.

4 «А» сыныбына А.К. Донгабакова қазақ тілі пәнінен «Барыс септігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған.    Жаңартылған білім жүйесінде құрылған сабақ құрылымында топтық, жұптық, жеке жұмыстарды әртүрлі әдістермен қолданды.   Сабақтың барлық кезеңдері сақталып, оқушылар топтық жұмыста белсенділік танытты. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті. 

         Апталықтың жабылуына 1-4-сыныптар арасында «Әдемі жазу - өнер» оқушылардың көркем жазу үлгілері бойынша көрме ұйымдастырылды. Жүргізушілер оқушылармен қызықты ойындар өткізді. Әр сыныптың дайындаған музыкалық нөмірлерін тамашаладық. Ең соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мадақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

         Мұғалімдердің көбісі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.   Оқушылар өткізілген іс-шараларда, өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті. 

Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары әртүрлі республикалық, қалалық, аудандық сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып мақтау қағаздар, дипломдар, марапттар алды.


Жыл соңында бірлестікте бір жылға жасалған іс-шаралар талданып, мұғалімдер өз білімін жетілдіру жоспары бойынша есептері тыңдалды. Мұғалімдер шығармашылық ізденіспен заман талабына сай еңбек етуде. Кабинеттер жүйеленген. Болашақта бастауыш сынып мұғалімдері үлкен ізденіс пен заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында өз білімін жетілдіру курстарынан өтеді. Келешекте бастауыш сынып мұғалімдері саналы тәртіп пен сапалы білім беруде ұстаздық шеберліктерін шыңдай түседі деген сенімдеміз.

 Оқушылардың 2021-2022 оқу жылындағы жылдық үлгерім көрсеткіші төмендегідей нәтиже көрсетті:

Сынып

Оқушы саны

Үлгерімі

Сапасы

1

1 «А»

20

100%

100%

2

1 «Ә»

21

100%

100%

3

2 «А»

16

100%

94%

4

2 «Ә»

19

100%

74%

5

3 «А»

15

100%

93%

6

3 «Ә»

13

100%

77%

7

4 «А»

18

100%

100%

8

4 «Ә»

15

100%

93%


Келесі оқу жылында тағыда осындай жетістіктерге жетуге және кемшіліктерімізді түзетуімізге еңбек етеміз.


2021-2022 оқу  жылында

 жаратылыстану-математика пән мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестігінің

 жылдық жүргізілген жұмыстарының 

ЕСЕБІ


Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы:

         «Білімді ұрпақ - бақытты болашақ кепілі»

Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:

         Педагог  мамандардың   кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыруда, білім беру саласындағы жаңалықтарды меңгеруде, сапаға жету   жолындағы  қызметіне әдістемелік көмек көрсету.

МІНДЕТТЕРІ:

•   Әдістемелік нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

• Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

•  Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

•   Озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, насихаттау және тарату;

• Оқыту нысандары мен әдістерін  енгізуде шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру;

• Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру;

• Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту бағытында әдістемелік оқулар, апталықтар, онкүндіктер, байқаулар, ғылыми- әдістемелік, ғылыми- практикалық конференциялар, т.б. өткізу;

•   Мұғалімдердің жүйелі түрде біліктілігін жетілдіру;

•   Мұғалім қызметін сараптау.

БАҒЫТТАРЫ:

  •  Оқытудың сапасын арттыру;
  •  Педагогикалық білім деңгейін көтеру;
  •  Инновациялық технологияларды меңгерту.

         Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін сабақ өткізу барысында қолдануды жүзеге асырды.

         Биылғы оқу жылында бiрлестiкте 9 мұғалiм қызмет етеді. жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігіне физика, математика, информатика, биология, география, химия және және жаратылыстану пәндері кіреді.

         Н.М. Жақсыбекова –  жоғары санаттағы педагог-зерттеуші, география пәнінің мұғалімі;

         Д.А. Данабек – жоғары санаттағы педагог-модератор, география пәнінің мұғалімі;

         Д.Ш. Қалназарова – жоғары санаттағы педагог-модератор, физика пәнінің мұғалімі;

         М.М.Қуанышбай  – санатсыз, математика пәнінің мұғалімі;

         А.Ш.Даулетбаева  - санатсыз, математика пәнінің мұғалімі;

         М.Т. Тоқташбай – жоғары санаттағы педагог-модератор, биология пәнінің мұғалімі;

         А.Қ.Қасенова – жоғары санаттағы педагог-модератор, математика пәнінің мұғалімі;

         Ә.Ж.Қалназар–санатсыз, информатика пәнінің мұғалімі;

         А.Т.Испаева – санатсыз, химия пәнінің мұғалімі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандарты математика, информатика, физика, химия, география және биология пәндері бойынша толығымен орындалды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру барысында көз жеткіздік. Оқу бағдарламасы, оқу жоспары, жаңартылған білім беру бағдарламасы т.б. құжаттарды СМК-дан алып өз іс-тәжірибемізде   пайдаланып отырмыз.

Мектебімізде биыл барлық 1-11 сыныптар жаңартылған бағдарламамен, штаттық режимде оқыды.

Критериалды бағалау, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу, сабақ жоспарын әзірлеу, білім сапасын арттыруда тиімді әдістер мен тәсілдер бойынша мұғалімдермен, ата-аналармен жүргізілген іс-шараларға тоқталсақ сабақ беретін пән мұғалімдерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар, сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Тамыз айында бірлестік мұғалімдеріне нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқаулықтармен, сонымен қатар Алматы қаласының аумағында COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі басқа да бұйрықтармен, жыл бойы «Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021-2022 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру» бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен таныстыру, дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын дайындау, факультатив пен үйірме сабақтардың жоспары, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Қыркүйек айында «Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың шығармашылығын арттыру жолдары» атты семинар өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Донгабакова Алтын Кахармановна «Бастауыш сыныптарды  оқытуда   қолданылатын  инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында баяндама оқыды.    Мектеп психологы «Оқушының жеке қабілетін дамыту – оқушының  танымдық белсенділігін арттыру негізі» барысында баяндама оқыды және бірлестік мүшелерімен тренинг өткізді.

Қаңтар айында география пәнінің мұғалімі Данабек Дастан Ақжолұлы «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында баяндама оқыды.

Наурыз айында математика пәнінің мұғалімі Қуанышбай Мұхаммедзаңғар Маратұлы «Жаңа ақпараттық  технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі» тақырыбында баяндама оқыды, соның негізінде өзінің «Youtube» каналындағы жұмыстың жүргізілу барысымен таныстырды, жұмыс жасаудың оңтайлы жолдарын көрсетті.

2021-2022 оқу жылында аудандық, қалалық   пәндер олимпиадасында, қалалық ғылыми жобалар жарысында және т.б. көптеген өткізілген сайыстарда мектебіміздің оқушылары қатысып,  өздерін сынады.

14.02-24.02.2022ж. күндері аралығында «Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр» атты жаратылыстану  пәндер әдістеме бірлестігінің  ОНКҮНДІГІ өтті. Онкүндік кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар қашықтықтан өткізілді.

22 ақпан күні физика пәнінің мұғалімі Қалназарова Дәрия Шанжарқанқызы  8 «Ә» сыныбында «Электр тоғының жұмысы мен қуаты, Электр тоғының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы» тақырыбында тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастырды, жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландырды, жаңа технологияларды, сабақ барысында жаңа  технологиялардың тиімді әдістерін қолданды. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын пайдаланды. 8 «Ә» сыныбымен  өткен сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістер пайдаланды.  Дәстүрлі сабақтың өзгешелігі топта отырып, оқушыларға жекелей, жұптасып ойларын ортаға салып талдауға мүмкіндік берді. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға мүмкіндік   жасалынды.

24 ақпан күні ашық сабақты биология пәні мұғалімі Тоқташбай Мадина Талғатқызы 8 «Ә» сыныбына «Көру мүшелерінің құрылысы, Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа түгел қатысты және де сабақ жаңартылған бағдарлама бойынша өткізілді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалынды. Мұғалім, сабақты қызықты әрі пайдалы қылу мақсатында: Kahoot және classdojo қосымшаларын пайдаланды. Бұл қосымшалар сабақты ойын түрінде өткізіп, әр топтар ұпай жинап бір-бірімен бәстесу арқылы, оқушылар жақсы көрсеткіштерге жетуге тырысты. Барлық оқушылар өз бағаларын алып: әр-қайсысы өзінің мықты тұстарын айқындай түсті. Бір оқушы өзінің алғырлығымен болса, бір оқушы жылдамдығымен, ал біреуі тапқырлығымен ерекшеленгенін мұғалім ескере өтті. Соңында мұғалім кері байланыс жасау арқылы, қашықтықтан смайликтермен бағалау жүргізді.


24 ақпан күні ашық сабақты математика пәні мұғалімі Қуанышбай Мухаммедзаңғар Маратұлы 5 «А» сыныбына   «Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000... және 0,1; 0,01; 0,001... сандарына көбейту және бөлу» тақырыбына өтті. Оқушылар сабаққа түгел қатысты және де сабақ жаңартылған бағдарлама бойынша өткізілді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалынды. Мұғалім, сабақты қызықты әрі пайдалы қылу мақсатында: Kahoot және classdojo қосымшаларын пайдаланды. Бұл қосымшалар сабақты ойын түрінде өткізіп, әр топтар ұпай жинап бір-бірімен бәстесу арқылы, оқушылар жақсы көрсеткіштерге жетуге тырысты. Барлық оқушылар өз бағаларын алып: әр-қайсысы өзінің мықты тұстарын айқындай түсті. Бір оқушы өзінің алғырлығымен болса, бір оқушы жылдамдығымен, ал біреуі тапқырлығымен ерекшеленгенін мұғалім ескере өтті. Соңында мұғалім кері байланыс жасау арқылы, қашықтықтан смайликтермен бағалау жүргізді.

21 ақпан күні ашық сабақты математика пәні мұғалімі Даулетбаева Аршат Шарапаткызы 9 «А» сыныбына «Келтіру формулалары» тақырыбына өтті. Сыныптың оқушылары түгел қатысып, тақырып толығымен ашылды. Жаңартылған бағдарлама бойынша өткізіліп, алдыңғы өтілген тақырып бойынша математикалық диктант, формулаларды сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, өзінің шеберлігін көрсете білді және оқушылардың толыққанды білім алуына жағдайлар жасалынды. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалынды. Сабақ соңында мұғалім кері байланыс жасау арқылы  бағалау жүргізді.

25 ақпан күні ашық сабақты химия пәнінің мұғалімі Испаева Адина Талғатқызы 9 «А» сыныбында «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбында сабақ өткізді. Сабағына қашықтықтан мектеп мұғалімдері, жас мамандар және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Ұстаздың сабағы әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра отырып жаңа сабағының тақырыбын ашты. Мұғалім оқу мен оқытудағы «Ыстық орындық», «Сандар сөйлейді» және «Химиялық диктант» әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, өзінің шеберлігін көрсетті. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсетті. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра отырып,  бағалауды оқушылар алдын-ала критерийлар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «жақсы» деген қорытынды жасалды.

25 ақпан күні ашық сабақты география пәнінің мұғалімі Данабек Дастан Ақжолұлы 9 «А» сыныбында «Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабағына мектеп мұғалімдері қатысты. Ұстаздың сабағы әдістемелік талапқа сай құрылды. Сабақ сәлемдесумен басталып, алдыңғы білім «алдыңғы тақырыпты жаз» сұрақ қою арқылы тексере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Мұғалім жаңартылған білім талаптарына сай, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылар топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, постерлер құрастырып, сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Акростика ойыны (берілген сұрақтарға жауап береді; жауаптардың алғашқы әріпінен сөз құрастырады)» ойналып, сабақтың мақсаты ашылып, толық қамтылды. 321 әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алынып,   сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланды. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі «жақсы» деген қорытынды жасалды.

22 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Қасенова Айғаным Қазыбекқызы 8 «А» сыныбында «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» тақырыбында өткен ашық сабағының жүйесін таба білді.     Сабақтың басы ұйымдастыру кезеңі «Жүректен жүрекке» стратегиясы бойынша оқушылар бір-біріне тілек айтудан бастады. Оқушылар «Learning app» платформасы арқылы сәйкестендіру тестін, топтық, оқулықпен және жеке тапсырмаларды орындады. Мұғалім оқушылардың алдыңғы білімдерін саралады, жаңа тақырыпты түсіндіру жұмысын жүргізді және жаңа алған білімдерін саралау барысында оқушылар бірге бірнеше есептер шығарды.  Жаңа сабақты бекіту барысында «Білгенімді зердеме тоқу», «Үйіңді адаспай тап» әдістері арқылы сабақты бекітті. Сабақ барысында оқушылардың сөйлесу қабілеттерін дамытуға қатысты үйлесімді тәсілді қолдана отырып, мәдениетаралық және пәнаралық сипаттағы танымдық материалды жақсы қолдана білді.

26 ақпан күні информатика пәнінің мұғалімі Қалназар Әсем Жарқынқызы 4«А» сыныбында «Презентациядағы бейне» тақырыбында өткен ашық сабағының жүйесін таба білді. Кабинеттің жабдықталуы, жабдықтардың оқушылар мен мұғалімге қолайлығы, жабдықтардың құрамы, оқыту құралдарының жағдайы жақсы, толық қамтылған. Оқушылармен  сабақ өткізу барысында компьютермен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздік ережесінің және санитарлық-гигиеналық норманың сақталуы ескертілді.

Дәстүрлі оқыту барысында мұғалімнің сабаққа дайындалуға жұмсалған уақыт шығыны, қажетті құралдардың сабаққа қатыстылығы, көрнекі құралдардың сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі және қолдану уақыты, нұсқаулардың, сұрақтардың мазмұны орынды пайдаланылған. Оқушылар жекелей, қосарланып, топтасып және бірлесіп тапсырмаларды орындады.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп біледі жаратылыстану әдістеме бірлестігі.

Барлық жоспарланған іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес, апталық жоғарғы  әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Мұғалімдердің көбісі жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық жағдай қалыптастырды. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын  тигізді, күрделі сұрақтардың  қиын жауаптарын тапты.

Әр мұғалiмнiң әдістемелік шеберханасы әр тоқсандағы әдiстеме бiрлестiгiнiң отырысында жүйелеу әдiсi қаралып, баяндамалар тыңдалып, талқыға салынып, кеңестер берiлiп, мониторингтер сарапталып отырады.

Пән мұғалімдері әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, баланың дара қабілеттерін ашуға көңіл бөледі. Дарынды  бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық. Пән мұғалімдеріне дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын жүйелі түрде жасап, оқушыларды пәндік олимпиадалардан, ғылыми жобалардан және конкурстарға қатыстырып, жүлделі орын алуларына ұсыныс айтылды.


2021-2022 оқу  жылында 

эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері мұғалімдерінің

 әдістемелік бірлестігінің

 жылдық жүргізілген жұмыстарының 

ЕСЕБІ

МАҚСАТЫ

Өнер мен спортқа тәрбиелей отырып, болашағын ойлайтын еңбекқор, патриотты, салауатты тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Биылғы 2021-2022 оқу жылында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде алты мұғалім жұмыс істеді.

         Ғ.Мэлсұлы – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

Е.М.Каскарауов – жоғары санаттағы педагог-зерттеуші, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

А.Жарқынқызы - санатсыз, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

         К.Д.Кенебаев – бірінші санат, алғашқы әскери және технологиялық

дайындық пәнінің мұғалімі;

         Т.Н.Шернияз – жоғары санаттағы педагог-модератор, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;

Н.А.Түргенбай - педагог-эксперт, музыка пәнінің мұғалімі;

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Ғ.Мэлсұлы, Е.М.Қасқарауов, А.Жарқынқызы жыл бойы оқушылар арасында мектепішілік спорттық жарыстар өткізді.Атап айтар болсақ:

Қыркүйектің 14 күні 6-11 сыныптар арасында өткізілген «Қала күніне» орай, мектепшілік «Кіші футбол» жарысы және мұғалімдер арасындағы спорттық жарыс өтті. Жарысқа оқушылар мен мұғалімдер жоғары деңгейде атсалысты, жарыс өте қызықты, тартымды болды. Осы Футбол жарысынан жақсы ойын көрсеткен оқушылар, аудандық жарысқа іріктелінді.

Оқушылар арасындағы «Ұлттық мектеп лига» бойынша «Футбол» жарысы 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасындағы жарыс аудандық №140 мектепте өтті,бұл жарыста 7-8 сынып командасы 3 орынды иеленді.

 11.10-22.10.2021ж. аралығында «Болашаққа - білімді, дені сау ұрпақ!» атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндік кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Желтоқсанның 18 күні 5-8 сыныптар арасында «Тәуелсіздік күніне» орай мектепішілік «Тоғызқұмалақтан» жарыс өтті. Бұл жарыста жеңіске жеткен, жақсы ойын көрсеткен оқушылар аудандық жарысқа қатысты.

       Ақпан айында оқушылар арасындағы «Ұлттық мектеп лига» жарысы «Тоғызқұмалақтан»  аудандағы №38 мектепте өтті,  аудан біріншілігі бойынша оқушыларымыз 5-6 сыныптар арасында ІІ орын, 7-8 сыныптар арасында ІІ орын және 9-11 сыныптар арасында ІІІ орынды жеңіп, мақтау қағазымен марапатталды. 

        Оқушылардың қысқы демалыс кезінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері 8-11 сынып оқушылары арасында «Волейболдан» мектепшілік жарыс өткізді. Осы жарыстан жақсы ойын көрсеткен ойыншылар аудандық жарысқа іріктелінді.

Ақпан айында №93 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары және мұғалімдері арасында спорттық жарыстар өтті.

Қалалық «Спорт фест» жарысы, Ауэзов ауданы №117 мектепте «Тоғызқұмалақтан» өтті, бұл жарысқа 

8 «Ә»   сынып оқушысы Мамитбеков Мейіржан қатысып 4 орынды иеленді.

Сәуір айында №68 мектепте, аудандық оқушылар арасында «Ұлттық мектеп лига» ұлдар арасында «Асық атудан» және қыздар арасында «Бес асықтан», аудандық жарыс өтті, бұл «Асық ату» жарысынан 5-6 сыныптар арасында командалық есепте ІІІ орын, ал қыздар арасында «Бес асықтан» І орынды иеленді. 

Қалалық қыздар арасындағы «Бес асық» жарысы, Жетісу ауданындағы №87 мектепте өтті, бұл жарыстан қыздар командасы ІV орынды иеленді.

         Сәуір айында аудандық №10 мектепте «Балдаурен» 1-2 және 3-4 сыныптар  арасында «Футбол» жарысы өтті, бұл жарыстан 1-2 сыныптар арасында ұлдар командасы І орынды жеңіп алды, ал 3-4 сыныптар арасында V орынды иеленді.

Мамыр айында «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында мектебімізде 4 сыныптар арасында «Шағын футболдан» жарыс ұйымдастырылып өтілді. Сондай-ақ 7-8 сыныптар арасында осы фестиваль аясында аудандық №63 мектепте «Асық атудан» жарыс ұйымдастырылды, 7-8 сынып оқушыларымыз қатысып, 3 орынды жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі 347 бұйрығымен бекітілген бастапқы әскери дайындықтың ұйымдастыру тәртібін анықтау және оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес №93 ЖББМ әскери патриоттық іс – шаралар оқушылармен өткізілді.

Оқу жылында мемлекеттік қорғаныс (МҚ) дайындығын оқытып үйретуде мектеп ұжымы, күтушi персонал және оқушылар арасында түрлi iс - шаралар атқарылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайлар кезiнде дұрыс әрекет жасау жолдары қарастырылды. 

         Оқушылардың мемлекеттік қорғаныс дайындығы 5-9 сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында "Өмiр қауiпсiздігi негiздерi" өткізілді, 11 сыныптарда АӘД бағдарламасының мемлекетік қорғаныс бөлiмi бойынша өткiзiлген сабақтарда үйретiлдi. 

         Дене тәрбиесі мұғалімдерімен бірлесіп, сыныптан тыс іс-шаралар мен жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі спорт түрлерінен сыныпаралық жарыстар жоспарлы түрде және оқушылар өтінішімен ай сайын өткізіліп тұрады. Болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығына «Президенттік сынамалардың» да үлкен әсері болғандықтан, тест қабылдау сабақтарына да үнемі қатысып, қадағаланды.

         Сонымен қатар, білім ұялары дәстүрлі форматтағы оқуға оралды. Кез- келген жанның жүрегінде алтын әріппен жазылатын тарихи күн биыл жақсы жаңалықтармен ерекшеленіп отыр. Мектебіміз де ғылым мен техниканың жетістіктерімен заманауи үлгіде жабдықталып, шәкірттерді құшақ жая қарсы алуда. Осы орайда оқушылар мен ұстаздардың өмір қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды қатаң сақталуы — басты назарда.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

         1991 жылы 16   желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.    Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.

        Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді. 1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.

«ЖЕР СІЛКІНІСІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІС-ҚИМЫЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТТІ.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 12.10.2021 ж. 21-02-10/2290-11 хаты мен Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 14.10.2021 ж. №356 бұйрығы негізінде қала мектептерінде «Жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдар» тақырыбында арнайы онлайн сейсможаттығу өтті. Сейсможаттығудың мақсаты — оқушылар мен педагог қызметкерлерді жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдармен таныстыру, төтенше жағдай орын алған жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтауға жаттықтыру. 

Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға оқушылар мен педагогтер белсене атсалысып, қауіпсіздік ережелеріне қатысты сұрақтар қойды.

№93 ЖББМ оқушыларының ТЖ кезінде іс-қимылдарға үйретуге жаттығу жүргізуді; Мектепте әртүрлі ТЖ бола қалған жағдайда оқушыларды, кіші техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерді өз өмірін құтқару шараларын істей білуге үйретті;

Жаттығуға «Құтқару тобы», «Жедел жәрдем тобы», «Өрт сөндірушілер тобы», «Қоғамдық тәртіп сақтаушылар тобы» қатысты.

         Пән мұғалімдері тізбе бойынша оқушыларды түгелдеп, сынып оқушыларының тізімін жаттықтырушыға өткіздуді үйренді.

         Алматы қаласының әскери бөлімінің бастығының орынбасарымен АӘжТД пәнінің мұғалімдерімен патриоттық жұмыс жасау туралы кездесу өткізілді.

          Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен жаңартылған мазмұнда білім беру мен оқу материалдық базасының жабдықталуы бойынша өткен қалалық байқауда мектебіміздің АӘжТД пәнінің мұғалімі Кенебаев Карибай Даркембаевичтің оқу кабинеті «ҮЗДІК ЖҮЙЕЛІ КАБИНЕТ» атағымен марапатталды.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫ

КР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін К. Д. Кенебаев марапатталады

Министр А. Аймағамбетов № 21-1-3-01/000017

2021 ж. 8 желтоқсан

Алматы қаласының Бостандық ауданының әскери бөлімінің бастығы

подполковник А.О.Тұрғанбаев АӘжТД пән мұғалімдерімен кезекті 

іс-шараларын өткізіп жатқан мезгілі


Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 33 толуына   арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 

«АУҒАН СОҒЫСЫ – ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» - ЕРЛІК САБАҒЫ

 «Ауған соғысы – жүректегі жара» - ерлік сабақ

МАҚСАТЫ: 

  • Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу;
  • Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу;
  • Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

            №93 мектеп оқушылары Панфилов паркінде Ауған ардагерлерінің пастаментінде гүл қойып жатқан көрініс. Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл өтсе де, сол жауынгерлер бүгінде бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Алматы өмірінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз дегіміз келеді! 

ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ҰЛАН

               Еліміздің  ата заңы – Конституциясының 36 бабында «Қазақстан Республикасын  қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген. Отанының лайықты қорғаушысы болу- күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны-Қазақстан Республикасымен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуы тиіс. Осы мақсатта орта мектептерде өтілетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды Қазақстандық патриотизм мен интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендікпен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында  тәрбиелеуге бағытталған.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш-қуаты мен білімін, Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. «Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» -деп, Бауыржан Момышұлы патриотизм мәні мен мазмұнын ашып көрсетті.

Осы «Сардар» қалалық кешенді олимпиадасын өткізу ережелері «Сардар» қалалық кешенді олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу тәртібін, оның ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық қамтамасыз етілуін, қатысу, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін айқындайды.

Олимпиаданы Алматы қаласы Білім басқармасы (бұдан әрі – АҚББ) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы қалалық Қорғаныс істері Департаментімен (бұдан әрі – ҚР ҚМ АҚҚІД) бірлесіп өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері әскери білім беделін насихаттау, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және еліміздегі және шетелдегі жоғары әскери оқу орындарында білім алу үшін аса дайындалған үміткерлерді анықтау болып табылады.

Олимпиада келесі пәндер бойынша кешенді түрде өткізіледі: математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі.

         Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Оқушылары жүлделі орындар алған білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ Олимпиаданы дайындауға және өткізуге белсенді ат салысқан қызметкерлер мен ұстаздар Құрмет грамоталарымен марапатталады.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Т.Н.Шернияз  қазан айында «Алтын күз» мерекесіне байланысты, оқушылардың сурет, қол өнер бұйымдары бойынша мектепішілік көрме ұйымдастырды.