11-сынып түлектеріне арналған “Сәт сапар, жас түлек!” атты аттестат
19.06.2025 күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 2024–2025 оқу жылының маңызды сәттерінің бірі – 11-сынып түлектеріне арналған “Сәт сапар, жас түлек!” атты аттестат табыстау салтанаты өтті. Бұл күн – түлектер үшін үлкен өмірге бастар алғашқы қадам болса, мектеп үшін – тәрбиелеген ұрпағының жаңа белеске жеткен қуанышты сәті. Салтанатты шарада мектеп директоры мен ұстаздар жүрекжарды тілектерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Барлық түлектерге – СӘТ САПАР ТІЛЕЙМІЗ!