01
қыркүйек
2025
МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
№93 жалпы білім беретін мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылының басталғанын айшықтайтын салтанатты жиын өтті.
Биылғы «Алғашқы қоңырау» мерекесі «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында ұйымдастырылып, мектеп ауласы шаттық пен қуанышқа толды.
Жиын барысында шәкірттеріміз жаңа білім жылына қадам басып, ұстаздар мен қонақтар жүрекжарды тілектерін білдірді. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше есте қаларлық сәт болды.
Барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, ал ұстаздарымызға қажырлы еңбектерінде толағай табыстар тілейміз!