Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
12
мамыр
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Бостандық ауданы білім бөлімі және Зерделі ақыл ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 3-5 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Үздік математик» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленгені үшін 4 «А» сынып оқушылары Асхатұлы Алишер және Қанатбай Бекболсын марапатталды. Жетекшісі: А.К. Донгабакова Шәкірттерімізге алдағы уақытта да биік белестер, сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
04
мамыр
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Alash star “Tengri dance arena” халықаралық би байқауында шығармашылық шеберлігі және ерекше талантымен жүзден жүйрәк атанып Бас жүлде иеленгені үшін 6 “Ә” сынып оқушысы Ержанова Аружан Асқарқызы марапатталды. Сынып жетекшісі: Е.Ж. Қасен
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
30
сәуір
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ 1 «Ә» сынып оқушылары «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне белсене қатысып, ерекше белсенділік танытты.  Шара барысында оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, сынып ішінде өзара кітап алмасу ұйымдастырды. Бұл игі іс балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Кітап – рухани байлықтың көзі екенін түсінген жас оқырмандар осындай пайдалы бастамаларға әрдайым дайын! Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова
Жалпы жаттығу өткізілді
30
сәуір
2026
Жалпы жаттығу өткізілді
Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді. Аталған шараға 200-ге жуық оқушы қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады!
«Менің сүйікті журналым»
29
сәуір
2026
«Менің сүйікті журналым»
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі қарқынды өтуде. Онкүндік тұжырымдамасы аясында 2-сынып бүлдіршіндері бүгін «Менің сүйікті журналым» әлеміне саяхат жасады.  Оқушылар тек журнал оқып қана қоймай: Балалар басылымдарының тәрбиелік мәнін талқылады; Танымдық айдарлар арқылы ой-өрістерін кеңейтті; Оқуға деген құштарлықтарын көрсетті. Кітап пен журнал — баланың қиялын ұштайтын ең сенімді достар. Біздің мектепте әр баланың кітапқа деген махаббатын ояту маңызды міндет!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
27
сәуір
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ерекше жетістікке жеткені үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Марат Амина марапатталды. Жетекшісі: Омарова Ш.З.