Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Балауса” жазғы лагеріндегі тағы бір тамаша күн
10
маусым
2026
“Балауса” жазғы лагеріндегі тағы бір тамаша күн
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы “Балауса” жазғы лагерінде бүгінгі күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Одан кейін лагерь қатысушылары таңғы жаттығу жасап бой сергітті.  Жаттығу жасау бала денсаулығына оң әсерін тигізеді. Ары қарай қызықты ойындар ойнатылып балаларға көтеріңкі көңіл-күй күй сыйлады. “Ұлттық ойындар - ұрпақ мұрасы” айдарымен лагерь қатысушылары ұлттық ойындар ойнады. Балаларға рухани - адамгершілік, тәрбие берудегі ұлттық ойындардың
«Балауса» жазғы лагерінде күн дәстүрлі түрде таңғы жаттығумен басталды.
10
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагерінде күн дәстүрлі түрде таңғы жаттығумен
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде күн дәстүрлі түрде таңғы жаттығумен басталды. Оқушылар сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған жаттығуларды белсенді орындады. Сондай-ақ балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында «Мақалдың жалғасын тап» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақтың мақал-мәтелдерін жалғастырып, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Іс-шара қызықты әрі тартымды өтіп, балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
«Балауса» жазғы лагері тәрбиеленушілері И.А. Крылов атындағы балалар кітапханасына барды.
10
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагері тәрбиеленушілері И.А. Крылов атындағы балалар
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, қызықты кітаптар көрмесін тамашалады. Кітапхана қызметкерлері балаларға кітаптың маңызы туралы айтып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған танымдық ақпараттар ұсынды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарды қарап, мазмұнымен танысты.
“Балауса” жазғы лагеріндегі тағы бір тамаша күн
09
маусым
2026
“Балауса” жазғы лагеріндегі тағы бір тамаша күн
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы “Балауса” жазғы лагерінде бүгінгі күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Одан кейін лагерь қатысушылары таңғы жаттығу жасап бой сергітті.  Жаттығу жасау бала денсаулығына оң әсерін тигізеді. Ары қарай қызықты ойындар ойнатылып балаларға көтеріңкі көңіл-күй күй сыйлады. “Ұлттық ойындар - ұрпақ мұрасы” айдарымен лагерь қатысушылары ұлттық ойындар ойнады. Балаларға рухани - адамгершілік, тәрбие берудегі ұлттық ойындардың
Ә. Қастеев музейіне танымдық саяхат
09
маусым
2026
Ә. Қастеев музейіне танымдық саяхат
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің тәрбиеленушілері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейіне барып, мәдени-танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар қазақ және әлем өнерінің үздік туындыларымен танысып, суретшілердің шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер алды. Музей қорындағы құнды жәдігерлер балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті.
Кинотеатрдағы қызықты сәттер
08
маусым
2026
Кинотеатрдағы қызықты сәттер
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагері тәрбиеленушілері кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалады. Балалар мультфильм кейіпкерлерінің қызықты оқиғаларын үлкен қызығушылықпен көріп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл шара оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, оларға жарқын әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.